2024 жылғы қаңтар-мамырда Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 55 328,2 млн долларды құрады. 2023 жылғы мамырмен салыстырғанда номиналды мәнде 2,1%, оның ішінде экспорт – 32 463,6 млн долларға (номиналды түрде 1,8% көбейген), импорт – 22 864,6 млн долларға (номиналды мәнде 7,2% аэтөмендеді). Бұл туралы ҚР Ұлттық статистикалық бюросы хабарлайды.

Биыл алғашқы бес айында Қазақстанның ЕАЭО елдерімен тауар айналымы 10 679,1 млн долларды құрады, бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда номиналды түрде 12,1% аз. Ең көп үлесті Ресей алады – 91%, одан кейін Қырғызстан – 5,8%, Беларусь – 3,1%, Армения – 0,1%.

2024 жылдың қаңтар-мамыр айларында экспортталған тауарлардың негізгі үлесі мынандай тауарларға тиесілі: шикі мұнай және битумды минералдардан алынған шикі мұнай өнімдері (56,4%), тазартылған мыс және өңделмеген мыс қорытпалары (5,2%), рудалар мен мыс концентраттары (4,1%) ), радиоактивті химиялық элементтер мен радиоактивті изотоптар (4%), ферроқорытпалар (3%).

Импорт бойынша ең көп үлес салмағы жеңіл автомобильдерге (4,1%), дәрілік заттарға (3,4%), телефондарға (3%), автокөліктерге арналған шанақтарға (2,2%) тиесілі.

Қазақстанның экспорттық серіктестерінің негізгі елдері: Италия (23,6%), Қытай (17,7%), Ресей (10,4%), Франция (6,2%), Нидерланды (5,9%), Түркия (4%).

Импорт бойынша негізгі серіктес елдер: Ресей (27,8%), Қытай (24,8%), Германия (5,1%), АҚШ (4,1%), Корея Республикасы (3,6%), Түркия (3,3%).