Қазақстанның жалпы ішкі өнімі бірінші жартыжылдықта нақты мәнде 3,2% өсіп, 115,4 млрд долларды құрады, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы. Салыстыру үшін айтсақ, өткен жылы осы кезеңде бұл көрсеткіш 5,3% өскен.

Ең жоғары өсімді «Өнер, ойын-сауық және демалыс» (24,4%), «Жылжымайтын мүлікпен операциялар» (23,1%), «Электрмен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны баптаумен қамтамасыз ету» (19,5%), «Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру» (15,4%), «Көлік және қойма шаруашылығы» (15,2%).

Қазақстанның 2024-2025 жылдарға арналған ЖІӨ болжамдарының ауқымы өте кең: Дүниежүзілік банк 3,4%, Қазақстан Республикасы Үкіметі 6% деп болжайды.