2025 жылғы қаңтар-қазанда орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 15,1% өсіп, 7,2 трлн теңгені құрады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
Республика бойынша құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінен: жеке құрылыс ұйымдары – 92,9%, шетелдік ұйымдар – 6,6%, мемлекеттік ұйымдар – 0,5% орындады.
Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі
2025 жылғы қаңтар-қазанда құрылыс жұмыстары көлемінің 2024 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда ұлғаюы: ғимараттар (19,2%), тұрғын емес ғимараттар (10,2%), тұрғын ғимараттар (7,6%) құрылысы және жөндеу жұмыстарының артуына байланысты болды.
2025 жылғы қаңтар-қазанда орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) түрлері бойынша ең көп үлес: автомобиль, теміржолдары мен метролардың құрылысына – 24,9%, тұрғын емес ғимараттардың құрылысына – 21,6%, тұрғын үйлердің құрылысына – 12,6% тиесілі.
Өңірлік бөліністе республикадағы 18 өңірдің бәрінде құрылыс жұмыстары көлемінің өсуі байқалды.
Едәуір өсім мына өңірлерде тіркелді: Астана – 39,4%, Алматы – 35,4%, Солтүстік Қазақстан – 30,1%, Түркістан – 28,6%, Қостанай – 27,5%, Павлодар – 22,6%, Ақмола – 21,7%, Алматы облыстары – 20,7%.
Құрылыс Қарағанды облысында (0,7%) тоқырап, Абай (-3,2%) мен Атырау облыстарында (-28.2%) азайып кетті.

Әлеуметтік нысандарды пайдалануға беру
2025 жылғы қаңтар-қазанда білім беру және денсаулық сақтау саласында 180 034 оқу орнына арналған 188 жалпы білім беретін мектеп, 6 419 орынға арналған 41 мектепке дейінгі ұйым, 635 орындық 2 аурухана, ауысымда 3 349 келіп-кетушіге арналған 82 амбулаториялық-емханалық мекеме пайдалануға берілді.