Жеке тұлғалардың банкроттығын рәсімдеу басталған бірінші күні электронды платформалар арқылы жеке тұлғаларды банкроттыққа тану туралы 2 128 өтініш берілді, деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитеті.
Өтінімдер ең көп саны Түркістан облысынан – 257. Одан кейін Алматыдан – 202, Алматы облысынан – 199, Қызылорда облысынан – 152, Астанада – 146, Жамбыл облысынан – 135, Павлодар облысынан – 119, Шымкенттен – 111, Қарағанды облысынан – 104, Жетісу облысынан – 86, Ақтөбе облысынан – 80, Маңғыстау облысынан – 79, Абай облысынан – 79, Шығыс Қазақстан облысынан – 70, Ақмола облысынан – 69, Қостанай облысынан – 64, Батыс Қазақстан облысынан – 61, Ұлытау облысынан – 29, Солтүстік Қазақстан облысынан – 27.
Өтінімді қалай беру керектігін мына жерден көруге болады.
Айта кетейік, 2023 жылғы 3 наурызда күшіне енген «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін және банкроттығын қалпына келтіру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, қазақстандықтар өтінімді eGov.kz порталында және eGov Mobile, Salyq Azamat қосымшасы арқылы немесе қағаз жүзінде жақын жердегі Халыққа қызмет көрсету орталығында бере алады.