Биыл қаңтар-тамыз айларында жаңа піскен нан өндірісі 342,4 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3% аз, деп хабарлайды energyprom.kz.
Өндірілген өнімнің төрттен бір бөлігі дерлік Түркістан облысының үлесіне тиді: 81,7 мың тонна, бір жыл ішінде 8,3% азайды. Үздік үштікке Алматы қаласы мен Ақтөбе облысы да кірді: сәйкесінше 36,6 мың және 33,8 мың тонна.
Жаңа піскен нан Ұлытау мен Маңғыстау облыстарында және Шымкентте ең аз өндірілді.
Биылғы қыркүйек айында нан бағасы өткен жылдың қыркүйек айымен салыстырғанда айтарлықтай 19,4% қымбаттады. Қара ұннан пісірілген бидай наны 24,7%, жоғары сұрыпты ұннан пісірілген бидай наны 28,2%, бірінші сұрыпты ұннан пісірілген бидай наны 14,4%, кесілген нан 28,1% қымбаттады.
ҚР-ның барлық өңірлерінде нан қымбаттады. Атап айтқанда Ұлытау облысында бірден 48,3%, Ақмола облысында 27,6% және Алматы қаласында25,8% қымбаттады. Баға баяу өскен өңір Солтүстік Қазақстан облысы. Онда нан бағасы 2,6% ғана өсті.
Жоғары сұрыпты ұннан жасалған бидай нанының килосы 341 теңгеден, бірінші сұрыпты ұн наны 195 теңгеден сатылды.
Биылғы жылдың екінші тоқсанының қорытындысы бойынша, ҚР-да жан басына шаққандағы орташа тұтыну – 7,5 кг бірінші сұрыпты бидай ұнынан пісірілген нан және 646 гр қара бидай-бидай ұнынан пісірілген наны.
Қала тұрғындары бидай нанын ауыл тұрғындарына қарағанда аз тұтынады: тиісінше 7,8 кг және 7,2 кг. Бірақ қара бидай-бидай наны бойынша көрсеткіш керісінше: қалада жан басына шаққанда тоқсанына 908 гр, ауылда 272 гр.