Мемлекеттік кірістер комитеті әкімшілендіруді жетілдіру үшін цифрлық технологияларды пайдалануда.Атап айтқанда комитет «E-Salyq Business» мобильді қосымшасын әзірледі. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингінде мәлімдеді.Қосымшаны енгізу Салық кодексіне 2022 жылдан бастап күшіне енетін өзгерістер мен толықтырулармен қарастырылған. Осылайша, арнайы мобильді қосымшаны пайдалана отырып, жаңа арнайы салық режимін енгізу көзделген.Қосымша оны қолданатын кәсіпкерлерді салықтар мен әлеуметтік төлемдерді есептеуден босатады, себебі қосымшаның өзі кәсіпкер қосымшада қалыптастырған чектер бойынша айқындалған кірістер негізінде салықтар мен әлеуметтік төлемдерге автоматты түрде есептеу жүргізетін болады, БКМ чектерінің орнына, осындай мобильді қосымшаны пайдаланатын кәсіпкер қолданбауға құқылы.Бұдан басқа, салық салудың жаңа режимін қолданатын кәсіпкер салық есептілігін ұсынудан босатылады (қазір – патент құнының есебін кәсіпкер кірістің болжамды сомасы көрсетілуге (мәлімделуге) және оны ұсынған кезде кірістің мәлімделген сомасы негізге алына отырып есептелген салықтар мен әлеуметтік төлемдер төленуге тиіс режимді қолдану кезеңі басталғанға дейін ұсынады). Бұл жаңа салық режиміне қатысты.
Қосымша Play market-те жүктеу үшін қолжетімді. МКК-да қосымшаны App store және AppGallery-ге орналастыру өтініміне жауап күтуде. Айта кету керек, қазіргі уақытта қосымша пилоттық жоба шеңберінде тек екі өңірде – Ақмола және Жамбыл облыстарында іске қосылды.Бұл ретте қосымшаның өзін және оның функционалын енгізу кезең-кезеңмен жүргізіледі. Функционалдың бір бөлігін кәсіпкерлер мен мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерінен тұратын фокус-топ тексеруден өткізді. Барлық ескертулер мен ұсыныстар қаралды және оларды іске асыру жоспары жасалды. Кейбір бөліктеріне пысықтаулар жүргізілді, басқаларымен жұмытар жүргізілуде. Қосымшамен жұмыстар жүргізу жалғасуда.Екінші кезең екі өңірде жүргізілген пилот болып табылады. Осы өңірлердің кәсіпкерлеріне қандай функционал қолжетімді.Пилот шеңберінде қосымшаға барлық кәсіпкерлер үшін қол жетімді емес. Пилотқа ДК ретінде тіркелген және патент пен оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимдерін қолданатын тұлғалар ғана қатыса алады.Сондықтан, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға ниет білдірген жеке тұлға мобильдік қосымшаны пайдалану үшін қосымшаны жүктеп алғаннан кейін, онда ДК ретінде тіркеу сервисін таңдап авторландырудан өтуі тиіс.Ол үшін қажетті деректемелерді (қызмет түрлері, ДК орналасқан жері – кәсіпкерлік қызметті басым жүзеге асыратын орын, салық режимін таңдау) толтыру қажет.Енді, осындай айтарлықтай оңайлатылған рәсімді жүзеге асыру үшін қызметтің басталғаны туралы хабарламаны беру үшін elicence порталына жеке кірудің немесе оны ХҚКО арқылы ұсынудың қажеті жоқ. Бұл процедура, оның қосымшадағы қол жетімділігі, ыңғайлылығы тестілеуден өткізіледі, пилот шеңберінде жетілдіріледі.Пилоттық жобаның қолданысын қосымшаны пайдалану бойынша 2022 жылдан бастап күшіне енетін Салық кодексінің нормаларын қолдануға жылдың соңына қарай кәсіпкерлер мен қосымша дайын болуы үшін қараша айында басқа өңірлерге кезең-кезеңімен қолдануды жоспарлап отырмыз.Бүгінгі күні пилоттық жобасы шеңберінде 3,5 мыңнан астам дара кәсіпкерлер МП қолданады.