2020 жылы мейрамханалар мен қоғамдық тамақтандыру пунктілерін жалға беру бағасы 5,2%, әкімшілік-кеңсеге арналған жайларды – 3,6%, тұрмыстық қызмет көрсету пунктілерін, сервистерді – 3,5%, сауда жайларын – 3,1%, басқа да коммерциялық жылжымайтын мүлік түрлерін – 4,8% төмендеді. Паркингтерді жалға беру бағасы 0,3%, өндірістік жайларын – 0,2 % өсті.

Коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға беру бағасының индексі

пайызбен

  2020ж. желтоқсан 2020ж қаңтар-желтоқсан 2019ж қаңтар-желтоқсанға 2020жIV тоқсан
2020ж қарашаға 2019ж желтоқсанға 2015ж желтоқсанға 2020ж. III тоқсанға 2019ж. IV тоқсанға
Коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға беру 100,1 97,1 98,7 97,3 100,6 96,9
Әкімшілік-кеңсеге арналған жайлар 100,0 96,4 98,4 97,5 100,2 96,4
Сауда жайлары 100,3 96,9 98,8 96,1 101,1 96,7
Мейрамханалар және қоғамдық тамақтандыру пунктілері 100,2 94,8 96,2 95,4 101,9 94,8
Тұрмыстық қызмет көрсететін пунктілер, сервистер 100,4 96,5 96,1 97,0 100,8 96,2
Қойма жайлары 100,1 100,0 101,4 99,6 100,5 99,9
Өндірістік жайлар 100,0 100,2 106,5 99,3 100,8 100,0
Паркингтер 99,8 100,3 94,7 99,4 100,2 100,4
Басқа да коммерциялық жылжымайтын мүлік түрлері 100,0 95,2 97,1 95,7 101,1 95,1

2020 жылғы желтоқсанда 2019 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда бағаның ең үлкен төмендеуі валюта айырбастау пунктілерін жалға беруде 7,2%, кафелерді - 7%, шаштараздар мен сұлулық салондарын - 6,7%, мейрамханаларды - 6,4%, химиялық тазарту және кір жуатын орындар, автокөлік жуу –5,2%-дан, сауда үйлеріндегі, сауда және ойын-сауық орталықтарындағы бутиктерді - 3,8% белгіленді.