2020 жылы мейрамханалар мен қоғамдық тамақтандыру пунктілерін жалға беру бағасы 5,2%, әкімшілік-кеңсеге арналған жайларды – 3,6%, тұрмыстық қызмет көрсету пунктілерін, сервистерді – 3,5%, сауда жайларын – 3,1%, басқа да коммерциялық жылжымайтын мүлік түрлерін – 4,8% төмендеді. Паркингтерді жалға беру бағасы 0,3%, өндірістік жайларын – 0,2 % өсті.

Коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға беру бағасының индексі

пайызбен

 2020ж. желтоқсан2020ж қаңтар-желтоқсан 2019ж қаңтар-желтоқсанға2020жIV тоқсан
2020ж қарашаға2019ж желтоқсанға2015ж желтоқсанға2020ж. III тоқсанға2019ж. IV тоқсанға
Коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға беру100,197,198,797,3100,696,9
Әкімшілік-кеңсеге арналған жайлар100,096,498,497,5100,296,4
Сауда жайлары100,396,998,896,1101,196,7
Мейрамханалар және қоғамдық тамақтандыру пунктілері100,294,896,295,4101,994,8
Тұрмыстық қызмет көрсететін пунктілер, сервистер100,496,596,197,0100,896,2
Қойма жайлары100,1100,0101,499,6100,599,9
Өндірістік жайлар100,0100,2106,599,3100,8100,0
Паркингтер99,8100,394,799,4100,2100,4
Басқа да коммерциялық жылжымайтын мүлік түрлері100,095,297,195,7101,195,1

2020 жылғы желтоқсанда 2019 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда бағаның ең үлкен төмендеуі валюта айырбастау пунктілерін жалға беруде 7,2%, кафелерді - 7%, шаштараздар мен сұлулық салондарын - 6,7%, мейрамханаларды - 6,4%, химиялық тазарту және кір жуатын орындар, автокөлік жуу –5,2%-дан, сауда үйлеріндегі, сауда және ойын-сауық орталықтарындағы бутиктерді - 3,8% белгіленді.