Депозиттік ұйымдардағы резиденттерге тиесілі салымдардың көлемі бір айда 3,2%, бір жылда 12,7% өсті.
Заңды тұлғалардың депозиттері бір айда 4,2%, жеке тұлғалардың депозиттері 2,1% ұлғайды.
Пайыздың жоғарылығына байланысты ұлттық валютадағы депозиттер бір айда 4,6% өсті.
Шетел валютасындағы депозит теңге бағамының өзгеруіне байланысты 0,7% өсті. Бұл ретте валюталық баламада валюталық депозиттер 0,3% төмендеді. Нәтижесінде депозиттерді долларландыру деңгейі 2022 жылғы қыркүйекте 35,6% (2022 жылғы тамызда – 36,5%, 2021 жылғы желтоқсанда – 36,0%) болды.
Заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері негізінен мерзімді салымдардың келуі есебінен осы айда 5,3%, бір жылда 13,5% көбейді. Заңды тұлғалардың депозиттерін долларландыру алдыңғы аймен салыстырғанда төмендеп, 39,3% болды, бірақ 2022 жылғы мамырдан бастап валюталық салымдар келуінің жалғасуына байланысты жыл басындағы деңгейден (37,6%) жоғары болып қалуда.
Жеке тұлғалардың теңгедегі депозиттері халықтың теңгедегі және валюталық депозиттері арасындағы мөлшерлемелердің жоғары дифференциалы аясында бір айда 3,8% өсті. Жеке тұлғалардың шетел валютасындағы депозиттері 1,6% төмендеді. Соның нәтижесінде жеке тұлғалардың депозиттерін долларландыру деңгейі 2022 жылғы қыркүйекте 31,7% (2022 жылғы тамызда – 32,8%, 2021 жылғы желтоқсанда – 34,4%) болды.
«Отбасы банкі» АҚ-дағы депозиттерді және ірі салымдарды (50 млн теңгеден астам) есепке алмағанда, жеке тұлғалардың салымдарын долларландыруды төмендету үрдісі жалғасуда, ол бір жыл ішінде 16,4%-ға дейін 4,8 пайыздық тармаққа төмендеді.
Қыркүйекте жеке тұлғалардың депозиттері бойынша ҚДКҚ шекті мөлшерлемелері жинақ салымдарының кейбір түрлері бойынша 16%-ға жете отырып, бұрынғы деңгейде сақталды.
Мерзімді депозиттердің көлемі негізінен теңгедегі салымдар есебінен 5,0%-ға ұлғайып, 20 032,9 млрд теңге болды. Олардың құрылымында ұлттық валютадағы салымдар депозиттердің жалпы портфелінің шамамен 2/3 бөлігін құрады.
Базалық мөлшерлеменің өзгермеуі жағдайында 2022 жылғы қыркүйекте банктік емес заңды тұлғалардың теңгедегі мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі тамыздағы деңгейде сақталып, 12,4% (2021 жылғы қыркүйекте – 7,4%) болды, жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – алдыңғы аймен салыстырғанда 0,1 пайыздық тармаққа өсіп, 12,2% (8,3%) болды.