Доллар vs Үй. Ақшаны қайда салған тиімді?

Соңғы 10 жылда доллар бағамы 2,6 есе өссе, үй бағасы 2,1 пайыз қымбаттапты. Ал соңғы жиырма жылда доллар 2,6 пайыз қымбаттап, үй бағасы 12,4 пайыз өскен.

Короновирустан туындаған дағдарыс пен теңгенің кезекті девальвациясына қарамастан Қазақстанда жылжымайтын мүлік нарығы бәсеңдеген жоқ.

Наурыз айының қорытындысы бойынша республика бойынша 21,6 мың сауда келісімшарты жасалды. Бұл өткен жылдың наурыз айымен салыстырғанда 12,8 пайыз көп.

Сауданың көбейгенінің нәтижесінде бағаның да бір жылда 2,6 пайызға өскені байқалады.

Бұрын астана мен Алматыда ғана баға тұрақты өсетін болса, қазір өңірлерде де жылжымайтын мүлік қымбаттап келеді.

Үй бағасының өсуі халықтың сұранысының әлі де болса жоғарылығын байқатады. Бірі алғашқы баспаналарына қол жеткізіп жатса, енді бірі жылжымайтын мүлікті сенімді инвестиция көзі ретінде көреді. Өйткені, көпшілігі үй бағасының алдағы уақытта қымбаттамаса, арзандамайтынына сенімді.

2015 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда баспана саудасы бес жылдың ішінде, яғни 2019 жылы шамамен 2 есеге дейін өскен екен.

Дегенмен, жылжымайтын мүлік көптеген қазақстандықтар үшін жалғыз ивестиция құралы емес.

Әрине, батыстағыдай құнды қағаз нарығы әлі көпшілік арасында кеңінен тарамағанымен, артық ақшасын шетел валютасымен, соның ішінде доллармен сақтаушылар да бар. Бұл да ақшаны сақтаудың және шама келгенше көбейтудің бір құралы.

Мәселен, 2019 жылы доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 10,6 пайыз өскен. Ал республика бойынша осы аралықта жылжымайтын мүліктің бір шаршы метрі де 10 пайыз қымбаттаған.

Соңғы 10 жылда доллар бағамы 2,6 есе өссе, үй бағасы 2,1 пайыз қымбаттапты.

Ал соңғы жиырма жылда доллар 2,6 пайыз қымбаттап, үй бағасы 12,4 пайыз өскен.

Яғни, жылжымайтын мүлік нарығы да, валюта алу да қазақстандықтар үшін инвестицияның ұтымды құралы болып қалуда.

Айтпақшы, үй бағасы былтырғы наурыздан бері екі жарым еседей қымбаттаса, ал жалға беру ақысы 9,1 пайыз өсті.

Әрине, редакция сіздердің ақшаларыңызды қайда инвестициялау керектігі жөнінде ешқандай да жауапкершілік ала алмайды. Дей тұрғанмен, бір анығы, үй бағасы жыл санап тұрақты түрде өсетіні анық. Ал доллардың бағамын болжау қиын және күтпеген макроэкономикалық факторларға байланысты.