Freedom Holding Corp. компаниясының негізін қалаушы әрі мажоритарлық акционері Тимур Турлов қазіргі сәтте теңгемен жылдық 20%-ға дейін жететін ұзақ және орта мерзімді депозиттер, мемлекеттік немесе корпоративтік бағалы қағаздар арқылы жоғары табыстылықты бекітіп алу қазақстандықтар үшін долларды 500 теңге курсымен сатып алғаннан гөрі тиімді деп есептейді.
«Мен қазақстандықтардың орнында доллар сатып алмай, қандай да бір жоғары табысты депозиттер ашып, сол мемлекеттік бағалы қағаздарды, корпоративтік қағаздарды сатып алар едім. Яғни, қандай да бір ұзағырақ мерзімге жоғары табыстылықты бекітуге болатын болса, бұл доллар сатып алғаннан гөрі көбірек табыс әкелетін сияқты. Себебі, мұндай жағдайда келесі жылы бағам 600 теңге болуы екіталай», – деді ол.
Оның пікірінше, депозиттер, мемлекеттік бағалы қағаздар және корпоративтік облигациялар 500 теңгеден сатып алынған долларға қарағанда жоғары табыстылық әкеледі.
«Егер сіз қазір ақша салсаңыз – ал ірі банктер қазір өздерінің жинақ өнімдері бойынша жылдық 20% ұсынып отыр – онда, қайталап айтамын, олар [Қаржы министрлігі] теңгеге қарағанда долларды көбірек қарызға алатынын ескерсек, сіз 500 теңгеден 100 теңге пайыз ала аласыз, және бұл доллар алғаннан әлдеқайда тиімді инвестиция болады», – деді Турлов.