Қолданбалы экономикалық зерттеу орталығы Қазақстанның 2024 жылға арналған экономикалық өсу болжамын тағы да 4,2%-дан 4%-ға төмендетті. Компанияның соңғы макроэкономикалық шолуындағы басқа негізгі көрсеткіштер мынадай, сәуір айындағы болжам жақша ішінде берілген:
- инфляциялық күту 2024 жылы 8,4%-ға (9,1%) дейін жақсарды;
- мұнайдың құны барреліне $87,5 ($89)
- USD/KZT жұбы 2024 жылдың соңында 464,1 (451,78);
- бюджет тапшылығы ЖІӨ-нің (-)5,1% (сәуірдегі шолуда 4,7%).