KASE-нің таңғы сессиясының қорытындысы бойынша 1 АҚШ долларының бағамы кешегіден 5,77 теңгеге төмендеп, 402,79 теңге болды.

Ал Астана уақытымен таңғы сағат 11:00 шамасында Брент маркалы мұнайдың бір баррелі 38,76 долларға саудаланды.

Мұнай бағасының қымбаттауы ОПЕК+ келісімі аясында мұнай өндірісінің төмендеуі, АҚШ мұнай қорының азаюы және доллардың өзіндік құнының төмендеуі ықпал еткен болуы мүмкін.