Доллар 400 теңгеге дейін арзандауы мүмкін — Тимур Турлов

Freedom Holding Corp басшысы Тимур Турлов ITS IDEAS алаңында теңге бағамы бір доллар 400 теңгеге дейін нығаюы мүмкін екенін айтты.

Оның пікірінше, теңгенің нығаюы аясында Қазақстандағы инфляция қарқыны қазірдің өзінде айтарлықтай баяулап келеді.

Сонымен қатар соңғы 2–3 айда теңгенің рубльге қатысты нығаюы алдағы уақытта инфляцияны одан әрі төмендетуі мүмкін.

«Өткен жылдың соңында доллар бағамы 500 теңгеден төмен болады дегенімде, бұған көпшілік сенбеді. Егер біз осы бағытта әрекет етуді жалғастырсақ, бағам 400 теңгеден де төмен түсуі мүмкін және оны тоқтату қиын болады. Біз теңгенің үнемі құнсыздануына үйреніп қалдық. Бірақ керісінше болуы да мүмкін», — деді Тимур Турлов.

Дегенмен кәсіпкер ұлттық валютаның шамадан тыс нығаюы мен қаржы нарықтарындағы жоғары құбылмалылықтың да экономикаға проблемалар туғызуы мүмкін екенін ескертті.