Қазақстанда жазғы дизель отыны 3,8% қымбаттады, деп хабарлайды LS..

Статистика бюросының мәліметінше, жазғы дизель отыны қыркүйекте орташа есеппен 206,44 теңге болды. Бұл тамыз айындағыдан 3,8% артық. Ал бір жыл бұрынғыдан 20,5% артық.

Өңірлер бойынша дизель отыны қыркүйекте Петропавлда 223 теңге, Түркістанда 197 теңге болды.

Алайда, 8 қазандағы жағдай бойынша жазғы дизель отыны 260-300 теңге арасында. Ал қысқы дизель отыны 370 теңгеге дейін барған.

Бағаның өсуі нарықтағы тапшылық пен Ресейден келген импортқа байланысты.

Ал жанармай бағасына келер болсақ, АИ-92 қыркүйекте 172,55 теңге болды. Бұл былтырғыдан 14,4% қымбат. АИ-95/96 197,67 теңге. Бір жылда 15,3% қымбаттады. АИ-98 15% қымбаттап 218,67 теңгеге жетті.