Биыл қаңтар айында елімізде 494,1 мың тонна бензин өндірілді, бұл өткен жылдың қаңтарымен салыстырғанда 20,6% көп. Дизель отыны өндірісі де 13% артып, 421,8 мың тоннаны құрады, деп хабарлайды energyprom.kz.
Өңірлер бойынша бензиннің басым бөлігі Шымкент қаласында өндірілді (онда ПКОП бар): 196,7 мың тонна, бір жылда 14,6% ұлғайған. Екінші орында Павлодар облысы (ПМХЗ): 155,1 мың тонна. Атырау облысы (АМӨЗ) үшінші орында: 141,7 мың тонна.
Павлодар облысы дизельдік отын өндіру бойынша көш бастап тұр: 149,1 мың тонна, бір жыл бұрынғыдан 11,1% артық. Тағы 148 мың тоннасы Шымкентте, 109,4 мың тоннасы Атырау облысында өндірілді.
Жалпы, 2022 жылдың қаңтар—желтоқсан айларында елімізде 5 млн тонна бензин мен 5,4 млн тонна дизель отыны өндірілді. Өндіріс өсімі тиісінше 3,1% және 8,3% құрады.
2022 жылдың қаңтар–желтоқсан айларының қорытындысы бойынша жергілікті компаниялар жергілікті нарықты бензинмен (ішкі нарықтағы сатылым және экспорт) толығымен дерлік қамтамасыз етті: алдыңғы жылғы 99,97%-бен салыстырғанда былтыр 99,1%.
Елімізге алдыңғы жылы 1,4 мың тонна бензин импортталса, былтыр 43,3 мың тонна бензин жеткізілді. Саладағы барлық заңнамалық шектеулерді ескере отырып, экспортқа ресурстардың тек 0,5%-ы немесе 24,2 мың тонна бензин жөнелтілді, бұл бір жыл бұрынғыдан 76% аз.
Ішкі нарықта бензин сатылымы 5 млн тоннаны құрады, бұл 2021 жылғы қаңтар–желтоқсанмен салыстырғанда 5,7% көп.
Бұл ретте жергілікті компаниялар нарықты дизельдік отынмен алдыңғы жылы 93,7% қамтамасыз етсе, былтыр 96,8% қамтамасыз етті. Импорт сәйкесінше 3,2%-ға дейін төмендеді. Елімізге 177,7 мың тонна дизель отыны әкелінді, бұл 2021 жылғы қаңтар–желтоқсанмен салыстырғанда 47,2% аз.
Ішкі сатылым өткен жылмен салыстырғанда 7% артып, 5,5 мың тоннаны құрады.
Биыл қаңтар айының қорытындысы бойынша бензин аздап арзандады (бір жылда 0,1%), ал дизель отыны айтарлықтай қымбаттады (бір жылда бірден 15,7%).
Дизель отыны ең қатты Атырау облысында байқалды: мұнда баға бір жылда бірден 44,8% өсті. Солтүстік Қазақстан (39,1%) және Шығыс Қазақстан (37%) облыстарында да айтарлықтай қымбаттады. Маңғыстау, Қызылорда облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында баға өткен жылдың деңгейінде қалды. Ұлытау облысында дизель отыны 2,8% арзандады.
Қазақстан тағы да көліктің барлық түрімен бензин мен дизель отынын экспорттауға тыйым салды, деп хабарлайды zakon.kz.
Атап айтқанда, қоспаларды таңдау бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған жанар-жағармайларды, сұйық отынды және авиациялық отынды қоспағанда, бензинді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін экспорттауға тыйым салынды.