Девальвацияның алдын алу. Ұлттық банк базалық мөлшерлемені көтерді

Базалық мөлшерлеме 13,5%-ға дейін көтерілді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені +/-1,00 п.т. пайыздық дәлізімен 13,5% деңгейінде белгілеу туралы кезектен тыс шешім қабылдады.

Шешім 2022 жылғы 24 ақпанда күшіне енеді.

Баспасөз хабарламасы сағат 13:00-де жарияланады.