Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қазақстан банк секторының 2025 жылғы 1 қарашадағы жай-күйі туралы есебін жариялады.
Құжатта айтылғандай, депозиттік ұйымдардағы резиденттердің депозиттері 2025 жылғы қазанда негізінен ұлттық валютадағы депозиттердің 2,1%, 35,2 трлн теңгеге дейін өсуі нәтижесінде 2,8%, 44,7 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Шетел валютасындағы депозиттер жекелеген банктердің резидент-клиенттерінен қаражат ағынының келіп түсуінен 5,9%, 9,5 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Нәтижесінде 2025 жылғы 1 қарашада долларландыру деңгейі 21,2%-ды құрады (01.01.2025ж. – 22,5%).
Заңды тұлғалардың депозиттері негізінен ұлттық валютадағы депозиттердің 3,5%, 15,0 трлн теңгеге дейін өсуі нәтижесінде 2025 жылғы қазанда 4,8%, 19,9 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Ұлттық валютадағы депозиттердің 1,0%, 20,2 трлн теңгеге дейін ұлғаюына байланысты жеке тұлғалардың депозиттері 1,3%, 24,8 трлн теңгеге дейін өсті.
Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі 2025 жылғы қазанда 16,3%-ды (01.01.2025ж. – 14,0%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 14,6%-ды (01.01.2025ж. – 13,2%) құрады.