2020 жылдың наурыз айында денсаулық сақтау саласы өткен жылдың наурызымен салыстырғанда 5,5 пайыз қымбаттады.

Соның ішінде амбулаториялық қызмет пен санаторий қызметі 6,2%, фармацевтикалық препараттар 4,7% қымбаттады.

Фармацевтикалық препараттар арасында антисептик (7,6%), витаминдер (7,2%), антибиотиктер (7%) бағасы өсті.

Амбулаторийлық қызмет бойынша стоматология 9,5%, дәрігерге көріну 7,4%, медицина зертханаларының қызметі 5,4%, дәрігер-мамандар қызметі 2,6% өсті.

Өңірлер бойынша ең жоғарғы инфляция Қарағанды (+12,3%), Жамбыл (+7,6%) мен Солтүстік Қазақстан (+7,5) облыстары.

Айта кетейік, короновирустың тарауының алдын алу үшін республикалық бюджеттен 55,9 млрд теңге қарастырылған.