Денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызметке салынған инвестиция көлемі былтырғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда биылғы алғашқы тоғыз айда 22,5% азайып 120,2 млрд теңге болды.

Бір жыл бұрын коронодағдарыс кезінде инвестиция 85,7% көбейіп 149 млрд теңге болған еді.

Жалпы, Қазақстан бойынша тоғыз айда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2% көбейді, ал былтыр 4,9% азайған еді. Нәтижесінде жалпы инвестиция ішінде денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызметтің үлесі 1,8%-дан 1,4%-ға төмендеді.

Денсаулық мен әлеуметтік қызметке инвестиция салуда көш басында Алматы қаласы (30,6 млрд теңге), Нұр-Сұлтан (17 млрд) және Түркістан облысы (17 млрд теңге).

Одан кейін Қарағанды облысы 9,2 млрд теңге, Жамбыл облысы 7,7 млрд теңге, Алматы мен Шығыс Қазақстан облыстарында 6 млрд теңгеден, СҚО 5,7 млрд теңге, Шымкент қаласы 4,6 млрд теңге, Қызылорда облысы 3,3 млрд теңге, Қостанай облысы 3,2 млрд теңге, Маңғыстау облысы 2,7 млрд теңге, БҚО 2,2 млрд теңге.

Ең аз Павлодар облысы 1,8 млрд теңге, Ақмола облысы 1,5 млрд теңге, Ақтөбе облысы 1 млрд теңге, Атырау облысы 644,7 млн теңге.

Денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызмет саласында республика бойынша 477,5 мың адам еңбек етеді. Қызметкер саны бойынша тек білім беру саласы ғана алда. Жыл басынан бергі тоғыз айда бұл салада қызметкер басына шаққандағы инвестиция 254,7 мың теңгені құрайды. Бұл сала қызметкер басына салынған инвестиция бойынша тек білім мен мемлекеттік басқару және қорғаныс саласынан ғана озады. Білім саласында қызметкер басына инвестиция көлемі 139,8 мың теңге. Ал мемдлекеттік бақсару, қорғаныс және міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы инвестиция қызметкер басына шаққанда 82,4 мың теңге.

Денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызмет саласындағы орташ ажалақы 225,1 мың теңге, республикалық орташа жалақыдан 7,6% аз.