2021 жылдың қаңтар-қараша аралығында денсаудық сақтау мен әлеуметтік саладағы негізгі капиталға салынған инвестиция 160,1 млрд теңгені құрады. Бұл алдыңғы жылдың осы уақыттағы көрсеткішінен үштен бірге аз.
Алдыңғы жылы пандемия әсерінен көрсеткіш көбейіп кеткен еді, ал 2019 жылдың 11 айында өсім бір жарым есе болған еді.
Сектордағы инвестицияның жартысынан астамы банктік емес сектордың берген қарызы (47,3 млрд теңге) мен кәсіпорындардың өз қаражаты (46,5 млрд теңге).
Жергілікті және республикалық бюджет есебінен тиісінше 38,6 млрд теңге және 20,6 млрд теңге аударылды. Ал банктердің несиесі бар болғаны 7 млрд теңге.
Өңірлер бойынша инвестиция ең көп құйылғандар Алматы (33,6 млрд теңге), Нұр-Сұлтан (28,2 млрд теңге) және Түркістан облысы (20 млрд теңге).
Ең аз салынған Атырау облысы (728,8 млн теңге), Ақтөбе (2,1 млрд теңге) және Павлодар (2,2 млрд теңге).