Кейбір өңірлердің әкімдіктері жеке сектор тұрғындарына БАҚ арқылы хабарлама таратып, қоймаларда әзірге дүрлігу болмай тұрып көмірді қазір сатып алуға шақыра бастады. Мысалы, жыл сайын көмірге километрлеген кезек болатын Шығыс Қазақстан облысында қазірден бастап қыс қамын жасау керектігі айтылып жатыр. Облыс тұрғындарының бұл қатты отынға деген жылдық қажеттілігі ШҚО құрылыс, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, 447,5 мың тонна болса, қазір оның 4,9 мың тоннасы теміржол тұйықтарында бар. Бір тонна антрацит бағасы бір өңірдің ішінде әрқилы құбылады. Халықтың осал топтары үшін әлеуметтік көмір тоннасы 13,5 мың теңгеден, ал негізгі, коммерциялық көмір – 14 мыңнан 21 мың теңгеге дейін. Ал бұл Қазақстанның ірі көмір кеніші – Қаражыра кен орнына жақын орналасқан өңірдегі баға. Басқа облыстардағы қатты отын бағасы қандай екенін көрейік.
ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы қара отынның бағасын тек сәуірді қоса алғанда салыстыруға мүмкіндік береді. Мамыр айынан бастап ҚР СЖРА ҰСБ сарапшылары көмірді азық-түлік емес тауарлар тізімінен алып тастады, оның құны есептерде ашық жарияланады (айтпақшы, отынның бағасы туралы ақпарат әлі де сақталады). Мәселен, биыл сәуір айында Қазақстанның ірі қалаларында бір тонна көмірдің орташа бөлшек сауда бағасы 15,8 мың теңгені құрады. Бұдан төмен баға Өскеменде (13,7 мың теңге), Семейде (13,3 мың теңге), сондай-ақ басқа көмір кен орынларына жақын қалаларда – Қарағандыда (14,2 мың теңге), Павлодарда (14,6 мың теңге) және Көкшетау (15,1 мың теңге). Еліміздің оңтүстігі мен батысындағы қалаларда баға қымбат: антрациттің тоннасы 17 мыңнан 19,5 мың теңгеге дейін. Қалалар арасында ең жоғары көрсеткіш Түркістанда тіркелді: 21 мың теңге.
Былтыр көмір бағасының өсу динамикасына қарасақ, бұл үдерістің үдеуін байқаймыз. Мысалы, 2022 жылдың маусымында тұтыну бағасының жылдық өсімі 9,2% шегінде болса, биылғы жаздың бірінші айында ол 13,1% болды. Бағаның қымбаттауы ай сайын бірнеше пайыздық тармақты қосып отырды. Жалғыз ерекшелік былтыр қараша және желтоқсан айлары болды, өсу біршама бәсеңдегенімен, бірақ біржола тоқтаған жоқ: тиісінше 9,7% және 9,3%. Уақытша бәсеңдеуге маусымдық себеп болды деп болжауға болады: қыстың басына қарай сатып алушылардың көпшілігі (ЖЭО да, тұрғындар да) сатып алып болып, сұраныс аздап төмендейді.
Былтыр көмірдің қымбаттауына бірнеше себеп болды. Соның бірі – көмір өндіруші компаниялардың өздерінің пайдалы қазбалардың бағасын көтеруі. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, былтыр негізінен жеткізушілердің сату бағасы айтарлықтай өскен. 2022 жылдың маусымынан биыл ақпанға дейін бағаның өсуі жылдық 20%-дан астам болды. Кейбір айларда – 2022 жылдың шілде және тамыз айларында бағаның өсуі тіпті 24%-дан асты. Көктемде бұл көрсеткіштер біртіндеп төмендей бастады. Біртіндеп сатылған көмірдің құны да өсті, бірақ мұндай қарқынмен емес: 8,1-13,2% аралығында.
Маңызды ескерту: тұтынушылық баға индекстерінен айырмашылығы, өндіруші бағасының жоғары индекстері нақты сегменттегі өсудің түпкілікті бөлшек сауда бағасына қатты әсер ететінін көрсетпейді. Төменде келтіретін абсолютті мәліметтерді қарастырған кезде, өндірушілердің сату бағасы тұтынушылардың түпкілікті бағасынан кем дегенде 3-4 есе төмен екендігі белгілі болады. Халық үшін түпкілікті шығын көптеген қосымша құрамдастарды қамтиды, ал жоғары бағадағы бағаның өсу динамикасы әртүрлі.
Қазақстандағы ең ірі кеніштердегі коммуналды-тұрмыстық көмірдің көтерме бағаға қарасақ, бағаның бөлшек саудадан айтарлықтай арзан екенін көреміз. Мысалы, былтыр қаңтар-маусымда ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (БҚДА) дерегінше, әр түрлі өндірушілердің қатты отынның бір тоннасының орташа өлшенген құны тоннасына халыққа 4,3 мың теңгеден 6 мың теңгеге дейін (ҚҚС-сыз) ауытқиды. Жылу электр станцияларына сатылатын көмірдің тоннасы осы кезеңде 2,2 мың теңгеден 5 мың теңгеге дейін (ҚҚС-сыз) болды.
«Бұл ретте жылыту көмірі энергия өндіруші және өнеркәсіптік кәсіпорындарға тікелей сатылса, коммуналдық көмір делдалдар желісі арқылы сатылады. Ол үшін көмір өндіруші компаниялар биржалық сауданы пайдаланады. Монополияға қарсы тергеп-тексеру нәтижелері көрсеткендей, 2019 жылы аукционда жасалған мәмілелердің 90%-дан астамы көмірді төлеумен де, жөнелтумен де қамтамасыз етілмеген. Қазіргі уақытта өндірушілердің «өнімсіз» делдалдарды пайдалану тәжірибесі жалғасуда, бұл халық үшін көмірдің түпкілікті құнының орташа есеппен 40-45% өсуіне алып келеді», — делінген маусым айында БҚДА сайтында жарияланған агенттіктің 2022 жылға арналған есебінде.
Мысал ретінде былтыр желтоқсан айында «Қаражыра» АҚ өткізген тауар биржасындағы сауда-саттықты келтіруге болады. Семейлік компания «Халық Көмір» ЖШС-ға тоннасы 6,5 мың теңгеден 120 мың тонна көмір сатты. Бұл ЖШС өз кезегінде осы көмірдің бір бөлігін «Халық Көмір» ЖК-ге биржа арқылы тоннасын 12,6 мың теңгеге, яғни екі есе қымбатқа сатты. Сонымен бірге, «Халық Көмір» ЖШС-нің меншігінде немесе жалдап отырған темір жол тұйықтары, таразылау жабдықтары, тиеу-түсіру машиналары жоқ. Бұл ақпаратты БҚДА мамандары да жария етті.
Тауар биржаларындағы мәмілелер кезінде коммуналды-тұрмыстық көмірді сатудың көп бөлігі делдалдардың үлесіне тиеді. Олардың саны мен құрамы соңғы бірнеше жылда өзгерген жоқ. Міне, тағы бір мысал. Былтыр қыркүйекте жеткізуші «Шұбаркөл Көмір» АҚ 3,2 млн тонна көмірді сатылымға шығарды, оны бірнеше минутта 16 өңірлік оператор (көлемнің 26%) және 10 делдал (көлемнің 74%) сатып алды. Осыдан кейін Бас прокуратура операцияның заңдылығын тексергенімен, заң бұзушылықтарды анықтаған жоқ. Дегенмен, бір анығы: былтыр «Шұбаркөл Көмір» АҚ коммуналды-тұрмыстық көмірді тоннасын 6,2 мың теңгеден сатса, ары қарай өңірлік операторлар дәл сол көмірді 11 мың теңгеден 17 мың теңгеге дейін сатты, ал жүк көліктері арқылы сатылатын соңғы құны 25 мың теңгеден 30 мың теңгеге дейін барды.
Қатты отынның түпкілікті құнына делдалдардың үстеме мөлшерлемесінен басқа теміржол көлігі қызметтерінің құны, тұйық жерлерді жалға алу, өңірлік компаниялардың, жеке автотасымалдаушылар жұмысына ақы төлеу және т.б әсер етеді.
«Осылайша, тұтынушылар үшін қатты отынның түпкілікті құны көмірді тұйықтан тұтынушыға жеткізу байланысында бастапқы бағасынан 3-4 есе өседі», — деп қорытындылады БҚДА сарапшылары.
Жалпы Қазақстандағы көмір нарығы монополия нарығы. Үш ірі жеткізушінің жалпы былтыр 80%-ды құрады. БҚДА мәліметінше, бұл 2019 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш. Ең ірі жеткізушілер қатарына «Богатырь Көмір» ЖШС (Павлодар облысындағы көмір кеніші), «Қаражыра» АҚ (Семейдегі аттас кен орны) және «Шұбаркөл Көмір» АҚ (Қарағанды облысындағы жылу көмір өндірушісі) кіреді.
Тауар нарықтарын монополиялау деректерінің өзі және соның салдарынан әлсіз бәсекелестік, ЭЫДҰ сарапшыларының пікірінше, бағаның орта есеппен 10% өсуіне әкелуі мүмкін. БҚДА сарапшылары өз баяндамасында монополистердің мінез-құлқына монополияға қарсы әрекеттің тиімсіз екенін мойындайды. Қазақстандағы көмір нарығы мемлекет тарапынан реттелмейді, оның бағасы еркін. Әзірге жылу электр станцияларына көмірді сатудың бастапқы көтерме нарығын әлеуметтік маңызы бар нарыққа жатқызып, бағаны реттеуді енгізу ұсынысы ғана бар. Бұл өз кезегінде коммуналдық қызметтердің – жылу мен электр қуатының қымбаттауын тежеуге септігін тигізер еді.