Дәстүрлі банкердің орнын цифрлық экожүйелер басты

Банктердің бәсекеге қабілеттілігі актив көлемімен ғана емес, сонымен қатар ұсынатын қызметтері мен өнімдерінің алуандығымен де өлшенеді. 

Соңғы бірер жылда Қазақстанда цифрлық трансформацияның алдыңғы шебіне екінші деңгейлі банктер шықты. Қазіргі қазақстандық банктер жай ғана ақша жинайтын және қарыз беретін, ақша аударымдарын жасайтын қаржы ұйымы емес, толыққанды бірыңғай экожүйеге айналды.

Барлығы болмаса да, ең ірі деген банктердің кәсіпкерлерге арналған цифрлық іс жүргізу қызметі, инвестиция құралдары, керек десеңіз дүкені бар. Соңғы бірер жылда айтарлықтай трансформацияға ұшыраған банктердің қазіргі бәсекесі де жоғары.

Цифрлық экожүйе дегеніміз не?

Банктердің құрған цифрлық экожүйесі дегеніміз не? Цифрлық экожүйе – экономиканың барлық қатысушыларының бірыңғай платформада немесе серіктес компаниялар ішінде шекарасыз қатынасы. Цифрлық экожүйе нарықтың түрлі сегментін қамтиды: электронды сауда, қаржы технологиясы, электронды медициналық қызмет, цифрлық брокерлік қызметтер және т.б. Мәселен, Jusan Bank клиенті бола отырып сіз жалақыңызды немесе өзге де табысыңызды толықтай Jusan қосымшасы арқылы басқара аласыз. Бұрын жалақыңызды алатын және жинайтын банкіңіз енді сізге ақшаны жинайтын, сақтайтын, төлейтін, инвестициялайтын және жұмсайтын қызметтер ұсынады.

Jusan қосымшасы арқылы несие рәсімдеп, оны төлеп, ұшақ немесе темір жол билеттерін сатып алып, демалыс орындары мен медициналық мекемелердің қызметтерін төлеп, дүкенде сауда жасайсыз. Қажет болса қор нарығына да инвестициялап, сақтандыру қызметтерін де төлей аласыз. Тіпті, жеке кәсіпкер болсаңыз, бір ғана қосымша арқылы қашықтықтан өз кәсібіңіздің кассасын бақылап, төлем қабылдауға мүмкіндік бар. Экономикалық қатынастардың барлық қызметтерінің бір ғана платформаға осылай шоғырлануынан цифрлық экожүйе қалыптасты.

Бір картамен тұтас экожүйенің қызметін пайдалануға болады

Жоғарыда аталған Jusan экожүйесін пайдалану үшін сіз қас-қағым сәтте Jusan қосымшасын орнатып, карта ашуыңыз қажет. Қосымшада кәдімгі пластикалық картадан бөлек виртуалды цифрлық карта ашуға да болады. Цифрлық карта функциялар жиынтығына сәйкес мультивалюталық пластик Jusan Pay-дің аналогы болып табылады. Интернетте аударымдар мен төлемдерді жүзеге асыру үшін банктің мобильді қосымшасында немесе сайтында виртуалды түрде іске қосылады. Бір ғана емес, бірнеше валютамен де операция жасай беруге болады. Apple Pay, Samsung Pay, Google Pay қызметтері де қолжетімді.


Бонустардың өзі қосымша табыс көзі

Ең қызығы өзіңіздің сүйікті қызметтеріңізге 15%-ға дейін бонус ала аласыз.  Ол үшін айына жоғарылатылған бонустары бар 10 қалаған категорияның төртеуін таңдау керек.

Бұл онлайн музыка мен фильмдер 15%, ойын қызметтері 10%,  сұлулық салондары мен косметика 7% . Кафе және мейрамханалар, оның ішінде Wolt, Glovo, Yandex тамақ жеткізу қызметтері, киім мен аяқ киім, жиһаз, саяхат, такси, медициналық қызметтер, фитнес және СПА категориялары бойынша сатып алу үшін 5% бонустар беріледі.

Сондай-ақ,  қосымшада Jusan Mobile теңгерімін толтырған кезде 15% және Jusan Garant сақтандыру қызметі үшін 25% бонус алу мүмкіндігі бар.

Тегін байланыс қызметіне ұсынатын жалғыз компания

Өзге банк қосымшаларынан тағы бір ерекшелігі, қосымшада тегін байланыс пен интернет бар.

Виртуалды Jusan Mobile мобильді операторы Jusan клиенттеріне мобильді байланысты бірінші ай тегін ұсынады.

Одан кейінгі айларда да төлемей, тегін байланыста болуға мүмкіндік бар. Ол үшін ай сайын Jusan картаңыз арқылы кемі 50 мың теңгеге сауда жасасаңыз жеткілікті.

Цифрлық экожүйелер онлайн дүкендерді қауіпсіз етті

Интернеттің қолжетімдігі дүкендердің сатылымына үлкен ықпал етті. Дәстүрлі дүкендер өз каталогтарын сайттарына жүктеп, тұтынушылар үшін талас жаңа деңгейге өтті. Біртіндеп онлайн дүкендер де ашыла бастады. Алайда, интернет дүкендер тұтынушылар үшін жаңа қиындықтар алып келгенін де жасыруға болмайды. Әсіресе, алаяқтық та белең алды.

Дегенмен, бұл келеңсіздіктердің орнын технологияның жаңа жетістігі толтырды. Атап айтқанда, цифрлық экожүйелердің пайда болуымен тұтынушылар ортада ешқандай делдалсыз тікелей өз картасынан сатушыға төлем жасау мүмкіндігіне ие болды. Мәселен, Jusan Дүкені арқылы азық-түлік, тұрмыстық техника, медициналық қызметтер мен туризмге қажетті қызметтерді онлайн сатып алуға болады. Ассортименттің тұрақты өсуі Jusan қосымшасында басқа онлайн-дүкендерде жоқ тауарлар мен қызметтерді халыққа ұсынуға мүмкіндік береді.

Ең қызығы, тек Jusan дүкенінде сатып алуға болатын ерекше тауарлар бар:

  • Үйді газдандыру;
  • Акустикалық рояль Petrof;
  • «Беташар» шарасын ұйымдастыру;
  • Сыйлық қорабындағы «Гарри Поттер» кітаптарының коллекциялық басылымы;
  • Робот шөп шапқыш.


Жыл басынан бергі сатылым деректеріне сүйенсек, қазақстандықтар өздеріне көбірек инвестиция жасай бастаған. Көптеген пайдаланушылар банк қосымшасы арқылы фитнес залдарына, оқу және біліктілікті арттыру курстарына, көру қабілетін жақсарту және пластикалық хирургия қызметтерін сатып алған.

Алматы мен Нұр-Сұлтан тұрғындары жыл басынан бері белсенді сатып алушылар қатарында. Сондай-ақ алғашқы бестікте Шымкент, Қарағанды ​​және Ақтөбе қалалары бар.

Кез келген адам инвестор бола алады

Цифрлық экожүйелердің әкелген тағы бір жаңалығы халық арасында инвестициялау мәдениетін қалыптастырғаны. Бертінге дейін қор нарығында құнды қағаз сатып алғысы келген азаматтар брокердің кеңсесіне барып, келісімшарт жасауы тиіс еді. Қаржы ұйымдарының өзара интеграциясының нәтижесінде қазір ірі банктер клиенттеріне брокерлік қызметтерді де бір ғана қосымша ішінде қолжетімді етті.

Нәтижесінде Қазақстан қор биржасының мәліметінше, биржадағы есепшоттар саны 2021 жылдың қаңтарында 136 мыңнан астам болса, жыл соңына дейін көрсеткіш 218 мыңнан асқан. Ал 2022 жылдың мамыр айында тіпті 344 638-ге жетті.


IPO-ға шыққан қазақстандық компаниялардың акциясын иелену үшін де, саудада бұрыннан бар компаниялардың құнды қағаздарын сатып алу үшін де, тіпті онлайн режимде трейдингпен айналысу үшін де қазір брокердің кеңсесіне баруға мұқтаждық жоқ. Jusan қосымшасында инвестициялау клиенттерге 30,000-нан астам құнды қағазды сатып алуға мүмкіндік береді. Олардың арасында қазақстандық және шетелдік компаниялардың құнды қағаздарынан бөлек инвестициялық қорлардың да қағаздары бар. Шотыңызда 1 теңге болса да инвестиция салуды бастап кете аласыз.

Jusan-да инвестициялаудың артықшылықтары:

  • Тегін есепшот ашу мен оны толтыру; 
  • Құнды қағаздарды сатып алу мен сатуға;
  • Қазақстандық және әлемдік инвестиция нарығына қол жеткізу;
  • Инвестиция бойынша кәсіби консультанттардың кеңесі;
  • Нарықтың аналитикасы;
  • Инвестициялық идеялар. 

Одан бөлек, қаржылық сауатты арттыру мен инвесициялау мәдениетін қалыптастыру мақсатында компанияның Jusan Academy қызметі де жұмыс істейді. Академия қарапайым халықтың қаржылық сауатын арттырып, бастауыш инвесторларды баулып, тәжірибелі инвесторларға тиісті өнімдерін ұсынады.

 Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген  07.04.21 ж. № 1.2.35/225/37 лицензия.