Jusan Bank тұтынушылардың сұранысы мен қажеттіліктерін зерделеп, олармен деген қарым-қатынастың жаңа деңгейін қалыптастыру мақсатында алғашқы Jusan Retail Fest  шарасын өткізді. 

Шара аясында филиал қызметкерлерінің орнына жоғары лауазымдағы топ-менеджерлер  фронт-офистерге жұмысқа шығып, клиенттерге қызмет көрсетті. Сонымен қатар, төлем картасын ашуға және онлайн несие рәсімдеуге жәрдемдесті. Екі күнге созылған фестиваль Қазақстан бойынша барлық филиал мен бөлшек бизнес сауда бойынша клиенттерге қызмет көрсету департаментінде өтті.

«Біздің өнім тұтынушыларымыз үшін үлкен махаббатпен дайындалды. Қызмет көрсетуіміз де солай. Әр ісімізді ынтамен, сүйіспеншілікпен орындаймыз. Осы іс-шара арқылы клиенттерімізге зор ілтипатымызды білдіргіміз келді. Фестиваль аясында көптеген қызықты бағдарлама ұйымдастырылды. Банктің келешекте атқарылатын жобалары мен бастамалары да таныстырылды», - дейді Jusan Bank Басқарма төрағасы Нұрдәулет Айдосов


Басқарма төрағасының айтуынша, қазір банктің клиенттер саны қарқынды өсіп жатыр. Бұған қоса, әрдайым жаңа өнімдер шығарылып отырады. Сол себепті  фронт-кеңсе қызметіне ауыртпалық түсіп жатқаны жасырын емес. Бұл ретте, аталмыш жобаның іске асырылуы жаңа өзгерістерге негіз болды. 

Ал Jusan Retail Fest-тің екінші күні клиенттер банктің жаңа өнімдері, қызметтері мен озық технологияларымен танысты. Олар өздерін қызықтыырған сұрақтарды тікелей банк өкілдері мен өнім әзірлеушілерден сұрап біле алды. Сонымен қатар тұтынушылармен тілдесуге Jusan-ның топ-менеджменті, оның арасында Директорлар кеңесінің төрағасы Шигео Катсу да келді.


Жалпы, Jusan Retail Fest – банктің жаңа өнімдері мен технологияларын тұтынушыларға жақынырақ таныстыру үшін таптырмас мүмкіндік болды.  Өйткені шара барысында өнім авторлары өздері жасап шығарған теңдессіз қызметтің түрлерін көпшілік назарына ұсынды. Атап айтсақ,  Jusan Bank кішкентай клиенттердің де қамын ойластырды. Енді балаларға арналған карта шығармақ. 

Сонымен қатар әлемнің кез келген жерінен 8 миллион теңгеге дейін онлайн түрде несие рәсімдеп, қаржыны картаға бірден құйып ала алу мүмкін бола түсті. Бұдан өзге, тапсырыспен алынған тауарлардың сақталуына постоматтар орнатылды. Мобильді қосымшаның әр тұтынушыға арнайылап жасалған нұсқасы да жарыққа шығып жатыр. Соңғы жаңалықтары осы. 


Бұл ретте, Jusan Bank-тің өнім жетекшісі Нығмет Әбдірахманов мобильді қосымшаның жаңартылған нұсқасы туралы толығырақ түсіндірді. 

«Біз банк қосымшасында біраз өзгеріс жасадық. Персонализация, яғни, жеке адамға арнайы жасалған 3D анимацияны қостық. Қосымшаның дизайны өзгерді. Анимацияланған баннер қосылды. Сонымен қатар хабарлама келіп тұратын және іздеу алаңындары да түрлендірілді. Мәселен, клиентіміз қызметтің қандай да бір түрін көбірек пайдаланса, сол тізімде бірінші көрінетін болды. Енді мобильді қосымша қолданысы клиенттердің бәріне ортақ». – дейді ол. 


Айта кетейік, былтыр клиенттердің сұранысына сай, банктің 2,5 миллион картасы басып шығарылған. Бүгінде аталмыш карталар 1 минутта дайындалатын дәрежеге жетіп отыр. Сондай-ақ өткен жылы тұтынушылар Jusan қосымшасын пайдаланып, сауда жасау арқылы 3 миллиард теңгеге бонус алған. Бұл ретте, картамен немесе қосымша арқылы арқылы төлем жасалса, 25%-ға дейін тегін бонус алу мүмкіндігі барын айта кеткен жөн.  

Жалпы, бүгінде Jusan қарапайым тұрғындардың банк өнімдері, сақтандыру, инвестиция, маркетплейс, ұялы байланыс, білім, саяхат сияқты күнделікті қажеттіліктерін қамтитын бірегей цифрлық экожүйе ретінде дамып отыр.  Соның арқасында 3 милионнан астам қазақстандық сенім артып, қаржы ұйымының қызметтерін пайдаланып келеді.