Білім беру технологиясы саласындағы жетекші стартап CodiPlay БҰҰ Бас хатшылығының қолдауына ие Digital Public Goods Alliance (DPGA) компаниясының цифрлық қоғамдық игілігі (DPG) мәртебесіне ие болды. Codiplay осындай деңгейдегі мәртебеге ие болған Қазақстандық үшінші компания және бұл жетістік компанияның жаһандық білім беру практикасына қосқан маңызды үлесін көрсетеді.
CodiPlay бүкіл әлем бойынша балалар арасында IT сауаттылықты арттыруға арналған кешенді шешім ұсынады. Codiplay қосымшасы қызықты мобильді ойындар арқылы Scratch, C++, және Python тілдерінде бағдарламалауды үйренуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, компанияның интернет заттары (IoT) жобаларын құруға арналған CodiKit жиынтықтары да бар. Сандық қоғамдық игілік ретінде танылған CodiTeach веб-платформасы мұғалімдерге оқу бағдарламаларын ұйымдастыруға арналған құралдарды да ұсынады.
DPG мәртебесі БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) негізге алатын, құпиялылық туралы заңдарды сақтайтын, ашықтық пен қол жетімділіктің қатаң стандарттарына сәйкес келетін жобаларға беріледі. CodiPlay-ді DPG ретінде тану оның IT сауаттылықты әр балаға орналасқан жеріне немесе әлеуметтік мәртебесіне қарамастан қолжетімді ету арқылы білім берудегі тең мүмкіндіктерді қамтамасыздандырудағы рөлін көрсетеді.
«БҰҰ-дан цифрлық қоғамдық игілік мәртебесін алу біздің компаниямыздың дамуындағы маңызды кезең болып табылады. Ұзақ процеске қарамастан, біз әрқашан IT сауаттылықты барлығына қолжетімді ету деген негізгі миссиямызды ұстандық. Бұл мәртебе біздің әлемдік аренадағы ұстанымымызды нығайтып қана қоймай, БҰҰ-ның барлығына сапалы білім беру жөніндегі жаһандық мақсатына қол жеткізуге ықпал етеді. Біз NURIS орталығына осы жетістікке жету жолындағы олардың қолдауы мен көмегі үшін шын жүректен алғыс білдіреміз», — дейді CodiPlay негізін қалаушы және СЕО Жанәділ Талдыбаев.