Chocofamily компаниялар тобы қазақстандық сауда алаңдарында акцияларын алғаш рет шығарайын деп жатыр. Бұл туралы компаниялар тобының басшысы Рамиль Мухоряпов мәлімдеді, деп хабардайды LS.
Оның айтуынша, дағдарысқа қарамастан компания IPO-ға шығатын болып шешкен.
"Дағдарысқа қарамастан бізге инвестиция салу туралы стратегиялық ұсыныстар келіп түсті. Қазір келіссөз жүргізіп жатырмыз. Ірі компания ретінде нарықты шоғырландыруды жоққа шығармаймыз. 2020 жылы KASE немесе Астана халықаралық қаржы орталығында 10-15 млн АҚШ долларына бірінші раундты өткіземіз деп жоспарладық. Қорлардан емес, жеке адамдардан инвестиция тартуымыз мүмкін", - деді Мухоряпов.
Айта кетейік, короновирустың кесірінен компания табысының 85 пайызын жоғалтқан. Оның себебі халықтың жаппай билеттерді өткізуі.
Алайда, компания басшысы дағдарысты тез еңсеріп, инвесторлар тарта алатынына сенімді.