2021 жылғы қыркүйектен бері қолданыстағы пәтер бағасы 25,9%, жаңа тұрғын үй бағасы 17,7% өсті.
Өңірлік бөліністе жаңа салынған үйлердің бағасы жылдық мәнде Ақтөбе қаласында – 32,5%, Қостанайда – 27%, Астанада – 26,6%, Өскеменде – 25,3%, Көкшетауда – 20,3% және Ақтауда 19,3% қымбаттады. Дәл осы нарықтағы бағаның болмашы өсімі Павлодарда (0,9%) және Талдықорғанда (1,8%) тіркелді.
Қолданыстағы пәтерлерді қайта сату нарығындағы баға өсімінің тізімін Қызылорда (45%), Ақтөбе (44,3%), Өскемен (40,4%), Талдықорған (38,8%), Ақтау және Астана қалалары (38,4%) бастап тұр. Ал бағаның ең аз өсімі Түркістан (12,2%) мен Атырау қаласына (13,3%) тиесілі.
Бір айдың ішінде (2022 жылғы қыркүйек пен тамызды салыстырғанда) пәтерлерді қайтара сату бағасы 1,1%-ға өсті, тамыздағы көрсеткіш 0,4% мөлшерінде болған. Жаңа тұрғын үйлерді сату бағасы тамызда 0,1%-ға арзандауды көрсетсе, осы жолы баға бір айдың ішінде 0,3% өсті. |