Қыркүйек айының қорытындысы бойынша Қазақстанда бір тонна көмірдің орташа бағасы 17 676 теңгені құрады. Жылдық мәнде көмір бағасы 9,8% өсті (2024 жылғы қыркүйекті 2023 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда), деп хабарлайды статбюро.
Өңірлер бөлінісінде төмен баға Петропавлда (15 187 тг/т), Өскеменде (15 679 тг/т), Семейде (15 693 тг/т) және Павлодарда (15 715 тг/т) байқалды. Ең қымбат баға Ақтөбе қаласын тіркелді – тоннасына орташа 23 000 тг.
2024 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында Қазақстанда лигнит пен көмір концентратын қоса алғанда 79,7 млн тонна тас көмір өндірілген, бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 5,7% аз. Ақшалай түрдегі өндіріс көлемі 51,8 млрд теңге болды.