Былтыр үй жалдау 40%-ға дейін өсті

Пәтер жалдау құны бойынша Қазақстан 107 елде 82-орын алды.

Қала ортасында бір бөлмелі пәтердің жалдау құны Қазақстанда орташа есеппен 303,85 доллар.


Рейтингтің басында ең қымбат елдер Гонконг, Сингапур және БАӘ. Ең арзан Непал.


ТМД елдері ішінде Әзірбайжан ең арзаны, айына 266,3 доллар.

Ресейде412,51 доллар, Арменияда 396,74 доллар, Украинада 366,11 доллар, Өзбекстанда 322,27 доллар, Беларусьте 306,17 доллар.

2021 жылдың желтоқсанында Қазақстанда үй жалдау бағасыбірден 17,5% қымбаттап кетті. Соның ішінде Алматыда 40,6%, Оралда 32,5% және Шымкентте 31,3% өсті. Ең аз қымбаттаған Таразда 5,5% өсті.

Ең қымбат өңірлер Астанада шаршы метрі 3,7мың теңге, Алматыда 3,3мың теңге, Ақтауда 2,4 мың теңге, ең арзаны Таразда 1,4 мың теңге.