Халықаралық ақша аударымдары жүйелері арқылы басқа елдерден Қазақстанға жіберілген қаржы көлемі 2025 жылдың қорытындысы бойынша 226 млрд теңгеге дейін азайды. Бұл 2022 жылы тіркелген ең жоғарғы көрсеткішпен (678,5 млрд теңге) салыстырғанда шамамен үш есе аз.
Ұлттық банктің статистикасына сүйенсек, Ресейден келетін аударымдар көлемі ең көп төмендеген — бірден 6,6 есе (357,1 млрд теңгеден 54,1 млрд теңгеге дейін). Соған қарамастан, Ресей ақша жіберуші елдер арасында әлі де көш бастап тұр.
Ал Қазақстаннан шетелге жіберілетін ақша аударымдары анағұрлым тұрақты. Соңғы үш жылда олар тек 30% азайып, 718,7 млрд теңгені құрады.