Бухгалтерлерді қаржыны жылыстатуға қатысты тексереді

Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлайды. 

Бухгалтерлік ұйымдар қаржылық мониторингке жататын ақшамен және мүлікпен операциялар бойынша қызметтер көрсетеді. Олардың клиенттерінің жеке операциялары қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға байланысты болуы мүмкін.

Осыған байланысты бухгалтерлік ұйымдар мен кәсіби бухгалтерлер кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Заңға сәйкес қаржылық мониторинг субъектілерінің тізбесіне енгізілген және барлық күдікті және шекті операциялар туралы ҚР Қаржылық мониторинг агенттігіне хабарлауға міндетті.

Өз кезегінде Агенттік тұрақты негізде кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласына қаржылық мониторингінің қандай да бір субъектілерін тартуға талдау жүргізеді. Талдау көрсеткендей, кейбір бухгалтерлік ұйымдар мен кәсіби бухгалтерлер шекті және күдікті операциялар туралы хабарлама жібермейді.

Операциялар туралы ақпаратты жібермеу әкімшілік жауаптылыққа тартылады, сондай-ақ кірістерді жылыстату бойынша қылмысты жасыру немесе оған қатысу ретінде бағалануы мүмкін.

Агенттік бухгалтерлік ұйымдар мен кәсіби бухгалтерлердің сақталуын мемлекеттік бақылау аясында анық заң бұзушыларды жауапкершілікке тарта отырып тексеруге ниетті.

Осыған байланысты Агенттік жоғарыда көрсетілген субъектілерге операциялар туралы хабарлауды ұсынады – ол үшін Web-ҚМС жүйесінде тіркелу қажет.

Не істеу керек?

web-sfm.kfm.kz сайтына өту;

Тіркеуден өту.

Агенттікке қандай операциялар туралы ақпарат жіберу керек?

Шекті операциялар;

Күдікті операциялар.

Күдікті операциялар бойынша және агенттікпен өзара іс-қимыл жасауға байланысты басқа да мәселелер бойынша толығырақ ақпаратты сайттан табуға болады afmrk.gov.kz немесе нөмірі бойынша +7 700 0000 922 (бухгалтерлік ұиымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі куратор)