Ағымдағы жылдың 1 маусымында Орталық депозитарийдің номиналды ұстау жүйесінде 1 870 000-нан астам шот тіркелген, оның 684 мыңы Орталық депозитарийде ашылған инвесторлардың сегрегацияланған қосалқы шоттарына, қалған 1 186 мыңы активтері агрегирленген омнибус-шоттар арқылы есепке алынуға жататын инвесторлардың брокерлік шоттарына тиесілі. Омнибус-шоттар арқылы есепке алынатын брокерлік шоттардың күрт өсуі Орталық депозитарийдің өз депоненттері үшін сегрегацияланған шоттарда есепке алынатын бағалы қағаздарды агрегирленген омнибус-шотқа пакеттік аударым бойынша жаңа қызметті енгізуімен түсіндіріледі.
Пакеттік аударымның арқасында депоненттер қаржы құралдарын әрбір жеке инвестордың атына ашылған сегрегацияланған шоттардан XML форматындағы бір бұйрықты беру арқылы агрегирленген омнибус шотқа аудара алды. Орталық депозитарий XML-файлды депоненттен Орталық депозитарийге және Орталық депозитарийден KASE-ге жіберу және өңдеу рәсімін толықтай автоматтандырды.
Бағалы қағаздардың пакеттік аударымы жөніндегі қызметтер омнибус-шоттарға көшу кезінде ғана емес, сондай-ақ шоттар арасындағы қаржы құралдарының басқа да көлемді аударымдары шеңберінде, мысалы, KASE ресми тізімінен бағалы қағаздарды шығару кезінде де талап етіледі деп күтілуде.
Қазақстандық депоненттер арасындағы омнибус-шоттардың танымалдығы брокерлер мен банктер үшін омнибус-шоттарды жүргізу құны Орталық депозитарийдегі әрбір клиент үшін жеке қосалқы шотты жүргізу құнынан төмен болуымен байланысты. Омнибус шотында орындалатын барлық транзакциялар брокердің атымен көрсетіледі, ал осы шот арқылы операция жасайтын инвесторлардың мәліметтері ашылмайды. Мұның бәрі мәмілелерді тіркеу және бағалы қағаздарды есепке алу тәртібін жеңілдетеді, сондай-ақ операциялардың жылдамдығын арттырады және қағаздарды есепке алу құнын төмендетеді.
"Омнибус-шоттар – бұл реттеушінің бағалы қағаздар иелерінің меншік құрылымының ашықтығын сақтау жөніндегі талаптарын ескере отырып, біз жергілікті нарыққа бейімдеген халықаралық тәжірибе. Жүйе реттеуші әрқашан Орталық депозитарий және мемлекеттік деректер базасы арқылы аталған омнибус-шоттар деректеріне және бағалы қағаздар иелері туралы мәліметтерге қол жеткізе алатындай етіп құрылған, ал Орталық депозитарийдің өзінің бұл ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігі шектеулі", - деп атап өтті Орталық депозитарийдің басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджанов.
Омнибус-шоттар бойынша алғашқы сауда-саттық 2022 жылдың қаңтар айынан басталып, бір жарым жыл ішінде омнибус-шоттарда есепке алынған брокерлік шоттар саны миллионнан асты. Депоненттердің көпшілігі омнибус-шоттар арқылы есеп ашу және оны жүргізу мүмкіндігін пайдаланды және ішкі ақпараттық жүйелерді омнибус-шоттар үшін қайта конфигурациялау процесінде. Сегрегацияланған қосалқы шоттардан толық ауысқанға дейін депоненттердің кейбір клиенттерінің шоттары ішінара агрегирленген және сегрегацияланған шотта қайталанады, сондықтан алдағы бірнеше айда біз сегрегацияланған қосалқы шоттар санының азайғанын күтеміз.
Қазақстандық инвестордың портреті Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде қосалқы шоттар ашылған инвесторлар туралы деректер негізінде жасалады. 684 мың қосалқы шоттың 681 мыңы бөлшек инвесторларға тиесілі.
Қазақстандық инвесторлар Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі бағалы қағаздарды ұстаушылардың 99%-тен астамын құрайды. Бейрезиденттер үлесі бөлшек инвесторлардың жалпы санының небәрі 0,7% құрайды.
Қазақстандық инвестордың портреті жас түрінде қалып отыр. 2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 25-34 жас аралығындағы бөлшек инвесторлар тобы бөлшек инвесторлардың жалпы санының 31%, 18-24 жас аралығындағылар – 18,2% құрады, бірақ бірнеше ай ішінде 18 жасқа дейінгі жас тобы бойынша көрсеткіш аз болды, алайда ол қысқарып, жылдың басындағы жағдай бойынша 0,06 %-пен салыстырғанда, небәрі 0,04% құрайды.
Ең көп топ бұрынғысынша 35-54 жас аралығындағы топ болып қалып отыр – 36,6%. 55 жастан асқан инвесторлардың үлесі төмендеу үрдісін сақтап, 14,2 % құрады. Бұл топ 2022 жылдың қараша айындағы көрсеткіштерге қайта оралды. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ол 2022 жыл бойы жүйелі түрде қысқарған.
Гендерлік бөлініске келетін болсақ, әйел-инвесторлар санының өсу қарқыны 2022-2023 жылдар бойы сақталып отырғанын және қазіргі уақытта бөлшек инвестор-әйелдердің үлесіне 49,8 %, ерлерге – 50,2% тиесілі екенін атап өткіміз келеді.
Өңірлік жоспарда, бұрынғыдай, жетекші позициялар Алматы (19,9 %) мен Астана (11,3%) арасында сақталып келеді. Үшінші орында Түркістан облысы тұр (9,4 %). Бағалы қағаздарды ұстаушылардың ең аз саны әлі де Солтүстік Қазақстан облысына тиесілі (1,7%).