Freedom Holding Corp. компаниясы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) – Astana International Exchange (AIX) биржасында – өзінің еншілес компаниясы Freedom Finance SPC Ltd. компаниясы арқылы жылдық 11,5-12% аралығында өтеуге кірілтілігі бар бес жылдық облигацияларды орналастырды. Инвесторлардың кең ауқымына ұсынылған, көлемі 200 млн АҚШ долларды құрайтын облигациялар шығарылымы облигациялық бағдарламаның шегінде алғашқы шығарылым болып табылады, оның мөлшері 1 млрд АҚШ долларын құрайды. Облигациялар FFSPC1.1228 сауда кодымен AIX-тың ресми тізіміне енгізілген.
Облигациялар айналатын алғашқы екі жылда купондық сыйақы мөлшерлемесі жылдық 12%-ды құрайтын болады. Облигациялар айналатын келесі үш жылда мөлшерлеме АҚШ-тың Федералды резервтік жүйесі сайтында жарияланатын федералдық қорлар бойынша тиімді мөлшерлемеге және 6,5% белгіленген маржаға сүйене отырып, айналыстың екінші жылының соңында анықталады. Облигациялар бойынша ккпондық сыйақы бүкіл айналым мерзімі ішінде ай сайын төленетін болады.
Облигациялар шығарылымы жария түрде ұйымдастырылды және инвесторлардың кең ауқымына осы орналастыруға қатысуға ешқандай шектеусіз ұсынылды. Бір облигацияның номиналды құны 100 АҚШ долларын құрады, бұл ретте сатып алуға өтінімнің ең аз мөлшері 1000 АҚШ долларын құрады. Орналастыру барысында инвесторлар 3 200-ден астам өтінім беріп, олардың әрқайсысы толық немесе ішінара қанағаттандырылды. Нәтижесінде Freedom Holding Corp. компаниясы облигацияларының шығарылымы толық көлемде орналастырылды.
Freedom Holding Corp. компаниясының облигациялары АХҚО-ның қағидалары мен заңнамасына сәйкес арнайы мақсаттағы еншілес ұйымы Freedom Finance SPC Ltd. компаниясы арқылы шығарылды. Осы шығарылымның бағалы қағаздары Freedom Holding Corp. компаниясының купондық сыйақыны және борыштың негізгі сомасын төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындауға кепілдігімен қамтамасыз етілген.
«Бұл AIX-тегі соңғы жылдардағы 100%-ға жуық бөлшек сауданың қатысуымен жасалған ең ірі жария мәміле болып отыр. Алғаш рет жергілікті нарықта әсіресе жеке тұлғалар сатып алған долларлық облигациялардың айтарлықтай көлемі орналастырылды. Бұл ретте біз оларға қазақстандық қор нарығындағы ең қолайлы жағдайларды ұсына алдық. Қазір бұл ай сайынғы купоны бар АҚШ долларындағы ең жоғары кірісті қағаз болып саналады. Инвесторлардың қағазға деген үлкен қызығушылығы олардың Қазақстанның бүкіл аумағын барынша тиімді қамти отырып, жаңа ұлттық жоғары технологиялық байланыс операторы – Freedom Telecom-ды құру жөніндегі жобаға деген сенімін растап отыр, оны құруға және дамытуға облигацияларды орналастырудан келіп түсетін қаражат бағытталатын болады. Уақыт өте келе ол Freedom-ның бүкіл экожүйесінің клиенттері үшін конвергентті телекоммуникация қызметтерінің негізгі провайдері бола алады», - дейді Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры Тимур Турлов.
Облигациялар шығарылымының құрылымы бөлшек инвесторларға кейіннен ұсыну мақсатында әзірленгенін ескеретін болсақ, облигацияларды орналастыруға деген үлкен қызығушылықты біз күткендей, жеке тұлғалар білдірді. Freedom Holding Corp. компаниясының облигацияларын сатып алғандардың арасында жеке тұлғаларпдың (олардың барлығы тек Freedom Broker-дің клиенттері) үлесі 97,7%-ды құрады. Қанағаттандырылған өтінімдердің жалпы көлемінің шамамен 13%-ы облигациялар шығарылымы туралы ақпарат пайда болғаннан кейін шот ашқан Freedom Broker-дің жаңа клиенттеріне тиесілі болды.