2024 жылдың қазан айында Ұлттық банк қордың активтерін басқарушы ретінде компанияның бағалы қағаздарын 9,65 млрд теңгеге сатты, деп хабарлайды қор.

Қор компанияның депозитарлық қолхаттарын 018 жылдың қарашасында IPO аясында сатып алған. 2019 жылы бағалы қағаздардың аз бөлігі қаңтар, ақпан және наурыз айларында бірнеше мәмілелерде сатып алды, ал көп бөлігі 2020 жылдың маусымында сатып алынды. Содан бері қазан айына дейін Қазатомөнеркәсіп депозитарлық қолхаттарымен ешқандай мәміле жасалған жоқ.

Дәл қазір Ұлттық банктің басқаруындағы БЖЗҚ портфеліндегі компанияның депозитарлық қолхаттарының құны шамамен 254,5 млрд теңгені құрайтынын ескерсек, 2018-2020 жылдары сатып алынғанның басым бөлігі қор активтерінде қалып отыр.