Біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларына өзгерістер қабылдау процесі жылдамдатылады, деп жазды Отбасы банкінің Басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова.
"Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бұйрықты мерзімінен бұрын жариялауды жоспарлап отыр. Біздің клиенттер үшін ережеге енгізілген бұл өзгерістер жаңа мүмкіндіктер ашады.
Біз өз клиентімізді жақсы көреміз және оларды қашан да қолдауға дайынбыз.
Біз БЗТ қаражаты есебінен депозитті толтыру батырмасын 2021 жылдың 16 желтоқсанында іске қосуға және төрт демалыс күні бойы арнайы ағымдағы шоттар мен депозиттерді ашуға дайынбыз, бірақ осы күнге оларды бәрі ашып үлгерген сияқты.
Біз жерлестеріміз мерекелік дастархан басында ноутбукты ашып немесе үй компьютерінен жүктеп алып, өздерінің біржолғы зейнетақы төлемдерін Отбасы Банктегі депозиттеріне аудара алатындай техникалық қолдауды қамтамасыз етуге дайынбыз.
Тек бір өтініш, барлығын www.enpf-otbasy.kz платформасында онлайн режимде жасасаңыздар", деп жазады Ләззат Ибрагимова.
Оның айтуынша, 2 желтоқсаннан кейінгі www.enpf-otbasy.kz платформасында қабылданған өтініштердің саны күрт көбейген. Күн сайын 2 мыңнан 2.5 мыңға дейін өтініш қабылданған.
Өтініштерді қабылдау статистикасы:
3 желтоқсан-21 500
4 желтоқсан-15 095
5 желтоқсан-7 789
6 желтоқсан-38 478
7 желтоқсан-34 417
8 желтоқсан-31 441
9 желтоқсан сағат 18:30 - 20 699 өтініш және кешке дейін тағы қабылданады.
Осылайша, еңбекке қабілетті 170 мыңға жуық қазақстандықтар дәл осылайша бір аптаның ішінде өтініш берген.
"Егер елдегі отбасылықтың орташа коэффициент 3.8 болса, онда 640 мың отбасы мүшелері өздерін кетіп бара жатқан пойыздың соңғы вагонына секіріп мінуге тырысқандай сезінді.
Ал енді сіздер тыныш әрі қолайлы режимде, ақылға салынған шешімдер қабылдай алатын мүмкіндікке ие болдыңыздар.
Өтініш берушінің қаражатты мақсатты пайдалануын растауға арналған 45 жұмыс күні бар. Егер ақша бүгін түссе, желтоқсандағы мерекелерді ескере отырып, 20 ақпанға дейінгі уақыт бар деген сөз.
Бұл жаңалық бүгінде көптеген отбасыларға қуаныш сыйлады", деп жазады Отбасы банк басшысы.