Короновирус салдарынан салықтық берешектерді кейінге қалдырып, мерзімін ұзартқандар және оңалту рәсімін қолданғандардың саны ұлғайды. Осыған орай, 2021 жылдың 4 наурызында мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің заңды тұлғаларды және дара кәсіпкерлерді банкрот деп тану туралы сотқа өтініш беруіне 2021 жылғы 1 шілдесіне дейін тыйым салынды, деп хабарлайды мемлекеттік кірістер комитеті.
Мемлекеттік кірістер комитеті өз жағынан «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес оңалту рәсімдерін алға жылжыту бойынша жұмыстарды басымдылыққа қою, сондай-ақ салықтық берешектерді кейінге қалдыру және мерзімін ұзарту арқылы өз міндеттерін қайта қарастырып, төлемге қабілетсіз салық төлеушілерді банкрот деп тануды тек ең ақырғы жағдайларда жүгінді.
Осыны статистика да растайды. Салықтық берешектерді кейінге қалдыру және мерзімін ұзартуды қолданған салық төлеушілер саны 2020 жылдың тоғыз айында 273 болса, биыл қыркүйекке дейін 464 болды. Ал оңалту рәсімін қолданған салық төлеушілер саны былтыр тоғыз айда 29, ал биыл сол уақытта 58.
Осылайша, алдыңғы жылдың аналогиялы кезеңімен салыстырғанда, 2021 жылдың 9 айында салықтық берешектерді кейінге қалдыру және мерзімін ұзартуды қолданғандардың саны 70%-ға, ал оңалту рәсімін қолданғандардың саны 2 есе ұлғайды.
Былтыр қаңтар-қыркүйек аралығында банкроттықты қолданған борышкерлер саны 422, биыл тоғыз айда 1315. Ал кредиторлардың талаптарының тізбесіне (КТТ) қосылған берешек сомасы былтыр тоғыз айда 4 971,7 млрд теңге, ал биыл қыркүйекке дейін 1 522,6 млрд теңгені құрады.
Сонымен бірге, жылдың басымен салыстырғанда 2021 жылдың 1 қазанына сәйкес салықтық берешек 21,5%-ға ұлғайды - 350,9 млрд теңгеден 426,5 млрд.теңгеге дейін, оның ішінде негізгі берешек 217,1 млрд.теңгеден 272,2 млрд.теңгеге ұлғайды, яғни 25,4% құрайды.
Оның ішінде 2021 жылдың 1 қазанына заңды тұлға мен жеке кәсіпкерлер бойынша негізгі берешек 255,8 млрд теңгені құрайды, жылдың басымен салыстырғанда бересі 55,9 млрд теңгеге немесе 28%-ға ұлғайды», - дейді комитет.
Өкінішке қарай, кредиторлар үшін (оның ішінде мекеменің жұмыскерлері, жеткізіп берушілер, банктер мен мемлекеттік кірістер органдары) берешекті мәжбүрлі түрде өндіріп алудың ақырғы шарасы есебінде төлемге қабілетсіз салық төлеушілерге қатысты банкроттық рәсмін қолдану болып табылады.
Әрине, борышкердің банкроттығы оның өз қарыздарын толықтай өтеуге дәрменсіздігі мен мүмкін еместігінен пайда болатынын ескере отырып, бюджетке берешектерді қайтаруын күту және алынбай қалған пайданы есептеу мүмкін емес екендігі сөзсіз.
Сондай-ақ, үшінші кезектегі салық органдарының талаптары өмір мен денсаулыққа келтірілген зиян, алименттер, жұмыс жалақысына қатысты және кепілге салынған мүлікпен қамтамасыз етілген талаптар толық қанағаттандырылғаннан кейін ғана өтелетінін атап өткен жөн.
Осылайша өткен кезеңдерде бірінші кезек бойынша кредиторлық берешектерді өндіріп алу пайызы (еңбек ақы, алименттер және т.б.) 65-70%, екінші кезек бойынша (кепілденген кредиторлар) 11-12%, үшінші кезек бойынша (салықтық берешек) 0,2-0,8% құрады.
«Қаржылық қиыншылықтарға тап болған салық төлеушілерді, өздеріне қатысты банкроттық рәсімді қолдануға жол бермей, оңалту мен берешектің құрылымын өзгерту рәсімдерін, сондай-ақ салықтық міндеттемелерді орындау мерзімдерін өзгертуді қолдану бойынша кеңестік көмек пен түсіндірмелер алу үшін мемлекеттік кірістер органдарына жүгініп, өз төлем қабілеттіліктеріңізді қалпына келтіру бойынша жұмыстарды өздігінен бастауға шақырамыз», - деп хабарлады комитет.