Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің көлемі бір айда 2,5%-ға ұлғайып, 2021 жылғы сәуірдің соңында 23 969,5 млрд теңге болды. Заңды тұлғалардың депозиттері бір айда 12 265,9 млрд теңгеге дейін 3,1%-ға, жеке тұлғалардың депозиттері –11 703,6 млрд теңгеге дейін 1,9%-ға өсті.
Ұлттық валютадағы депозиттер көлемі бір айда 15 096,8 млрд теңгеге дейін 2,3%-ға, шетел валютасындағы – 8 872,7 млрд теңгеге дейін 2,9%-ға ұлғайды. Долларландыру деңгейі 2021 жылғы сәуірдің соңында 37,0% болды (2020 жылғы желтоқсанда – 37,3%).
Заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері 2021 жылғы сәуірде 7 551,1 млрд теңгеге дейін 2,1%-ға, шетел валютасында – 4 714,8 млрд теңгеге дейін 4,8%-ға ұлғайды (заңды тұлғалар депозиттерінен 38,4%).
Жеке тұлғалардың теңгедегі депозиттері 7 545,6 млрд теңгеге дейін 2,6%-ға, шетел валютасындағы - 4 158,0 млрд теңгеге дейін 0,8%-ға өсті (жеке тұлғалар депозиттерінен 35,5%).
Мерзімді депозиттердің көлемі бір айда 4,1%-ға ұлғайып, 16 506,7 млрд теңге болды. Олардың құрылымында ұлттық валютадағы салымдар 10 467,0 млрд теңге, шетел валютасындағы салымдар – 6 039,7 млрд теңге болды.
Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2021 жылғы сәуірде 7,2%-ды (2020 жылғы сәуірде – 7,5%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 9,0%-ды (10,0%) құрады.