Ұлттық банктің мәліметінше, резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің көлемі бір айда 3,3%-ға, ал былтырғы қыркүйекпен салыстырғанда 21% өсіп, 25 трлн 866 млрд теңгені құрады.

Заңды тұлғалардың депозиттері бір айда 13 493,5 млрд теңгеге дейін 5,8%-ға артты, жеке тұлғалардың депозиттері 12 372,5 млрд теңгеге дейін 0,7%-ға өсті.

Ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі бір айда 16 496,3 млрд теңгеге дейін 3,3%-ға ұлғайды, шетел валютасында 9 369,7 млрд теңгеге дейін 3,3%-ға ұлғайды. Долларландыру деңгейі 2021 жылғы қыркүйектің соңында 36,2% (2020 жылғы желтоқсанда – 37,3%) болды.

Заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері 2021 жылғы қыркүйекте 8 362,6 млрд теңгеге дейін 5,4%-ға, шетел валютасында – 5 131,0 млрд теңгеге дейін 6,4%-ға (заңды тұлғалар депозиттерінің 38%-ы) өсті.

Жеке тұлғалардың теңгедегі депозиттері 8 133,7 млрд теңгеге дейін 1,2%-ға өсті, шетел валютасында 4 238,8 млрд теңгеге дейін 0,1%-ға төмендеді (жеке тұлғалар депозиттерінің 34,3%-ы).

Мерзімді депозиттердің көлемі бір айда 3,3%-ға ұлғайып, 17 766,2 млрд теңге болды. Олардың құрылымында ұлттық валютадағы салымдар 11 488,3 млрд теңге, шетел валютасындағы салымдар – 6 277,9 млрд теңге болды.

Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2021 жылғы қыркүйекте 7,4% (2020 жылғы қыркүйекте – 7,2%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 8,3% (9,8%) болды.