Банктердің экономиканы кредиттеу көлемі бір айда 0,6%-ға ұлғайып, 2022 жылғы наурыздың соңында 19 521,4 млрд теңгені құрады (жылдық мәнде өсу 24,8% болды).
Заңды тұлғаларды кредиттеу шетел валютасындағы кредиттерді төмендету нәтижесінде, әсіресе, теңгенің айырбастау бағамының нығаюы аясында қайта бағалауға байланысты бір айда 7 893,2 млрд теңгеге дейін 1,5%-ға төмендеді, жеке тұлғаларды кредиттеу 11 628,2 млрд теңгеге дейін 2,2%-ға өсті.
Ұлттық валютадағы кредиттер көлемі бір айда 17 906,8 млрд теңгеге дейін 1,5%-ға ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға берілген кредиттер 0,3%-ға, жеке тұлғаларға берілген кредиттер 2,2%-ға өсті.
Шетел валютасындағы кредиттер көлемі 1 614,6 млрд теңгеге дейін 8,4%-ға азайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға кредиттер 8,3%-ға, жеке тұлғаларға кредиттер 16,0%-ға төмендеді. 2022 жылғы мамырдың соңында теңгелік кредиттердің үлес салмағы 91,7% (2021 жылғы желтоқсанда – 89,7%) құрады.
Ұзақ мерзімді кредиттер көлемі бір айда 16 140,4 млрд теңгеге дейін 0,6%-ға, қысқа мерзімді кредиттер көлемі 3 380,9 млрд теңгеге дейін 0,9%-ға ұлғайды.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 2022 жылғы мамырда 3 988,5 млрд теңгеге дейін 1,3%-ға төмендеді (корпоративтік сектор кредиттерінің жалпы көлемінің 50,5%-ы).
2022 жылғы мамырда банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 15,8% (2021 жылғы мамырда – 11,6%), жеке тұлғаларға – 17,0% (17,5%) болды.