2021 жылдың 1 қазандағы мәлімет бойынша, республикада 29 жасқа дейін әйелдер басқаратын 10,2 мың заңды тұлға бар. Бұл былтырғы осы уақыттан 14,5% көп. Соның ішінде 83%-ы жұмыс істеп тұр. Көрсеткіш былтырғыдан 14,2% көп.
Орналасқан географиясы бойынша 7,6 мыңы қалалық жерде болса, (былтырғыдан 12,8% көп), 853-і ауылда (былтырғыдан 28,1% көп).
Өңірлер бойынша кәсіпкер әйелдер ең көп Алматыда. Оңтүстік астанада әйелдердің иелігінде 2,4 мың компания бар. Былтырғыдан 14,5% көп.
Алғашқы үштікте бұдан бөлек астана 2 мың (былтырғыдан 10,1% көп) және Шымкентте 650 компания (былтырғыдан 23,1% көп).
Көпшілігі көтерме және бөлшек саудада, автокөлік жөндеуде жұмыс істейді. Осы салалардағы әйелдердің иелігенде компания саны былтырғыдан 11,7% көбейіп 3 мыңға жетті.
Екінші орында құрылыс саласы. Мұндағы әйелдер компаниясы 5,5% көбейіп 984-ке жетті. Үшінші орында білім беруде 612 компания, (былтырғыдан 21,4% көп).
Үздік бестікте тағы кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет пен әкімшілік және көмекші қызмет бар.