Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің көлемі 2021 жылғы шілденің соңында бір айда 0,3%-ға ұлғайып, 25 205,1 млрд теңгені құрады (жылдық көрсеткіш бойынша өсім 21,8% болды), деп хабарлайды Ұлттық банк.
Заңды тұлғалардың депозиті бір айда 12 957,2 млрд теңгеге дейін 0,2%-ға, жеке тұлғалардың депозиті 12 247,9 млрд теңгеге дейін 0,4%-ға өсті.
Ұлттық валютадағы депозиттер көлемі бір айда 16 137,7 млрд теңгеге дейін 1,9%-ға ұлғайды, шетел валютасындағы 9 067,4 млрд теңгеге дейін 2,4%-ға төмендеді. Долларландыру деңгейі 2021 жылғы шілденің соңында 36,0% (2020 жылғы желтоқсанда - 37,3%) болды.
Заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері 2021 жылғы шілдеде 8 115,5 млрд теңгеге дейін 3,1%-ға ұлғайды, шетел валютасындағы 4 841,7 млрд теңгеге дейін 4,4%-ға төмендеді (заңды тұлғалар депозиттерінен 37,4%).
Жеке тұлғалардың теңгедегі депозиттері 8 022,2 млрд теңгеге дейін 0,7%-ға өсті, шетел валютасындағы депозиттері 4 225,7 млрд теңгеге дейін 0,1%-ға төмендеді (жеке тұлғалардың депозиттерінен 34,5%).
Мерзімді депозиттердің көлемі бір айда 1,3%-ға ұлғайып, 17 264,4 млрд теңге болды. Олардың құрылымында ұлттық валютадағы салымдар 11 180,2 млрд теңге, шетел валютасындағы салымдар 6 084,1 млрд теңге болды.
Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2021 жылғы шілдеде 7,3% (2020 жылғы шілдеде – 7,5%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 8,5% (10,0%) болды.