Жеке тұлғалар үшін орташа несие мөлшерлеме шілде айының соңында теңгеде 18,6%-дан 20,3%-ға және шетел валютасында 3,9%-дан 4,5%-ға дейін өсті, деп хабарлады Ұлттық банк. Сәуірден маусымға дейін көрсеткіш азайып келген.
Заңды тұлғалар үшін мөлшерлеме, керісінше, теңгеде 18%-дан 17,7%-ға, шетел валютасында 7,9%-дан 7,5%-ға төмендеді.
Естеріңізге сала кетейік, маусым айында «Несие берудегі тәуекелдерді азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау туралы» заң қабылданған болатын. Жеке тұлғалар берешекті өндіріп алуда көптеген жеңілдіктерге ие болды, бірақ сонымен бірге оларға тұтынушылық несиелер беруге шектеулер енгізілді.