Байланыс орталығына 4 833 қоңырау түсті, соның ішінде: мародерлық мәселелері бойынша – 1988, форс-мажор – 246, блок-бекеттер – 2, зардап шеккен кәсіпкерлерді қолдау қоры бойынша – 17, бизнесті қалпына келтіру және зардап шеккен мүлікті бағалау – 271, жеке тұлғалардан түскен қоңыраулар – 1946.
Елдің 11 өңірінде 1885 нысанда орналасқан 1615 зардап шеккен бизнес субъекті анықталды, соның ішінде Алматы қаласында – 1771 нысанда орналасқан 1506 субъект.
Зардап шеккен бизнес салалары: сауда – 1482;
қоғамдық тамақтану – 44;
қаржы секторы – 61;
логистика – 23;
БАҚ – 5.
Шығынның жалпы сомасы алдын ала есепке сәйкес 103,7 млрд теңгеден асты (Алматыда 102,2 млрд теңге).
Аймақтар: Алматы қаласы, Алматы облысы, Шымкент қаласы, Жамбыл облысы, ШҚО, Қызылорда облысы, Атырау облысы, Қарағанды облысы, Павлодар облысы, Маңғыстау облыссы (қосылған аймақ), Ақтөбе облысы (қосылған аймақ).