Бизнеске келген шығын 103 млрд теңгеден асты

Соның 102,2 млрд теңге Алматы қаласына тиесілі. 

Байланыс орталығына 4 833  қоңырау түсті, соның ішінде: мародерлық мәселелері бойынша – 1988, форс-мажор – 246, блок-бекеттер – 2, зардап шеккен кәсіпкерлерді қолдау қоры бойынша – 17, бизнесті қалпына келтіру және зардап шеккен мүлікті бағалау – 271, жеке тұлғалардан түскен қоңыраулар – 1946.

Елдің 11 өңірінде  1885 нысанда орналасқан 1615 зардап шеккен бизнес субъекті анықталды, соның ішінде Алматы қаласында – 1771 нысанда орналасқан 1506 субъект.

Зардап шеккен бизнес салалары: сауда – 1482;

қоғамдық тамақтану – 44;

қаржы секторы – 61;

логистика – 23;

БАҚ – 5.

Шығынның жалпы сомасы алдын ала есепке сәйкес 103,7 млрд теңгеден асты (Алматыда 102,2 млрд теңге).

Аймақтар: Алматы қаласы, Алматы облысы, Шымкент қаласы, Жамбыл облысы, ШҚО, Қызылорда облысы, Атырау облысы, Қарағанды облысы, Павлодар облысы, Маңғыстау облыссы (қосылған аймақ), Ақтөбе облысы (қосылған аймақ).