Жаз басына қарай қазақстандық банктердегі корпоративті салым бір айда 0,2 пайыздық өсім көрсетіп, 9,21 трлн теңгеге жетті. Ал бір жылда көрсеткіш 17 пайыз көбейіп отыр. Ал жеке тұлғалардың жинаған ақшасы бір жылда 13,5 пайыз өскен.
Осылайша банктердегі депозиттің ішінде заңды тұлғалардың ақшасы 48,5 пайызға жетті.
Банктерге жекелей тоқталар болсақ, ең ірі 10 банктің ішінде тек 4 банктің ғана корпоративті салымы ұлғайған. Атап айтқанда, Банк ЦентрКредит 7,1%, Еуразиялық Бану 5,8%, Халық банк пен Сбербанк 0,7% өсірген.
Ал бір жыл бұрынғымен салыстырғанда ірі 10 банктің 9-ы өсім көрсетіп отыр.
Айта кетейік, мамыр айында бизнестің депозиттегі ақшасы 0,3 пайыз төмендеген еді.
Сонымен қатар, осы уақытта жұмыстарын уақытша тоқтатқан компаниялар саны 98,9 мыңға жетті. Бұл былтырғыдан 23 пайыз артық.