Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің көлемі бір айда 0,6%-ға, былтырғымен салыстырғанда 18,6% көбейіп, 2021 жылғы қазанның соңында 26 011,3 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды Ұлттық банк.
Заңды тұлғалардың депозиттері бір айда 13 549,5 млрд теңгеге дейін 0,4%-ға артты, жеке тұлғалардың депозиттері 12 461,7 млрд теңгеге дейін 0,7%-ға өсті.
Ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі бір айда 16 755,1 млрд теңгеге дейін 1,6%-ға ұлғайды, шетел валютасында 9 256,1 млрд теңгеге дейін 1,2%-ға азайды. Долларландыру деңгейі 2021 жылғы қазанның соңында 35,6% (2020 жылғы желтоқсанда – 37,3%) болды.
Заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері 2021 жылғы қазанда 8 515,9 млрд теңгеге дейін 1,8%-ға өсті, шетел валютасында – 5 033,7 млрд теңгеге дейін 1,9%-ға (заңды тұлғалар депозиттерінің 37,2%-ы) төмендеді.
Жеке тұлғалардың теңгедегі депозиттері 8 239,2 млрд теңгеге дейін 1,3%-ға өсті, шетел валютасында 4 222,5 млрд теңгеге дейін 0,4%-ға төмендеді (жеке тұлғалар депозиттерінің 33,9%-ы).
Мерзімді депозиттердің көлемі бір айда 2,3%-ға ұлғайып, 18 166,4 млрд теңге болды. Олардың құрылымында ұлттық валютадағы салымдар 11 888,2 млрд теңге, шетел валютасындағы салымдар – 6 278,2 млрд теңге болды.
Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2021 жылғы қазанда 7,5% (2020 жылғы қазанда – 7,0%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 8,4% (9,5%) болды.