Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттері 2026 жылғы наурызда ұлттық валютадағы депозиттердің ұлғаюы есебінен 46,6 трлн теңгеге дейін 1,0% ұлғайды (2026 жылдың басынан бастап 2,9% төмендеген).
Заңды тұлғалардың депозиттері 2,2%, 20,4 трлн теңгеге дейін, жеке тұлғалардың депозиттері 26,2 трлн теңгеге дейін ұлғайды.
Ұлттық валютадағы депозиттер өткен аймен салыстырғанда АҚШ долларына қатысты теңге бағамының нығаюы есебінен 1,9%, 37,3 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Шетел валютасындағы депозиттер бір айда 2,5%, 9,3 трлн теңгеге дейін азайды. Нәтижесінде 2026 жылғы 1 сәуірде долларлану деңгейі 19,9%-ға дейін төмендеді (2026 жылғы ақпанда – 20,7%).