Бизнес микронесие алуды көбейтті

Бизнес микронесие алуды көбейтті

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығына арналған есепті жариялады. Агенттік мәліметінше, микронесие ұйымдардың (МҚҰ) активтері жыл басынан бері 13% өсіп, 1,9 трлн теңгеге жетті.

Несие портфелінің көлемі 1,7 трлн теңгені құрады. Оның ішінде заңды тұлғаларға берілген микронесиелер 31,8% артып, 59 млрд теңгеге, жеке кәсіпкерлерге берілген несиелер 22,7% өсіп, 242 млрд теңгеге, ал жеке тұлғаларға берілген қарыздар 11% ұлғайып, 1,4 трлн теңгеге жетті.

Салалық құрылым бойынша ең үлкен үлес бөлшек саудаға (37%), қызмет көрсету саласына (32%) және өсімдік шаруашылығына (13%) тиесілі.

Агенттік өкілдерінің айтуынша, саланың тұрақты өсімінің басты қозғаушы күші — қаржы секторындағы цифрландыру процесі болған.