Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында заңды тұлғалардың ҚР ЕДБ депозиттері бар болғаны 1,2%-ға өсті. ҚР ЕДБ заңды тұлғалардың депозиттері қаңтарда 1,1% төмендегенімен, ақпан айында 3,2% өсті, алайда үш ай қатарынан заңды тұлғалардың депозиттерінің көлемі қайта төмендеді: наурызда 2%, сәуір мен мамырда ай сайын 0,6% азайды. Сонымен қатар, әлемдегі геосаяси жағдайға қарамастан, маусымның өзінде қазақстандық банктер корпоративтік сектордан 1 триллион теңгеден астам қаражат тартты. Заңды тұлғалардың ҚР ЕДБ депозиттері бір айда 8,9% өсіп, 2022 жылғы маусымның аяғында 12,7 трлн теңгені құрады, деп хабарлайды ranking.kz.
2022 жылғы маусымның аяғында 10 ірі банктің үлесіне заңды тұлғалар депозиттерінің жалпы көлемінің 92,7%-ы тиесілі болса, бір ай бұрын олардың үлесі 90,6%-ды құраған еді. ҚР ЕДБ топ ондығына кіретін заңды тұлғалардың депозиттерінің жалпы көлемі бір айда 11,5% өсті, бұл ретте 10 банктің 9-да өсім болды.
Ең үлкен өсімді Bank RBK көрсетті, бір айда ондағы заңды тұлғалардың депозиттері бірден 26,9% немесе 132,2 млрд теңгеге өсіп, 623,5 млрд теңгеге дейін ұлғайтты.
Bank RBK микро және шағын кәсіпкерлерге, сондай-ақ орта және ірі бизнеске теңгеде, долларда және рубльде ашуға болатын «Мерзімді» және «Корпоративтік» атты депозиттерді ұсынады. Сондай-ақ, 1 күннен 12 айға дейінгі мерзімге «Овернайт» депозитін атап өткен жөн, оның барысында күн сайын ағымдағы шоттағы депозит сомасы жинақ шотқа аударылады және келесі күні таңертең автоматты түрде қайтарылады.
Заңды тұлғалар депозиттерінің ай сайынғы өсімі бойынша одан кейінгі орында Kaspi Bank (24,1%, 453,6 млрд теңгеге дейін) және Қазақстандағы Қытай Банкі (23,3%, 465,7 млрд теңгеге дейін өсті).
2022 жылдың маусымында заңды тұлғалардың депозит портфелі азайған алғашқы ондыққа кіретін жалғыз банк – Altyn Bank. Алғашқы ондыққа кірмейтін басқа банктердің заңды тұлғалардың депозиттерінің жалпы көлемі бір айда 16% немесе 176,4 млрд теңгеге азайып, биылғы жылдың маусым айының соңында 926,8 млрд теңгені құрады.
Бір жыл ішінде заңды тұлғалардың депозиттерінің көлемі 2021 жылғы маусыммен салыстырғанда 5% өсті, ал бір жыл бұрын бірден 28,3% көбейді. Онжылдықта заңды тұлғалардың депозиттерінің көлемі 2,4 есе өсті.
ҚР ЕДБ жиынтық депозиттік портфеліндегі заңды тұлғалардың депозиттерінің үлесі бір жыл ішінде 49,4%-дан 48,1%-ға дейін төмендеді, ал 10 жыл бұрын ол 63,9%-ды құраған.