Биыл қаңтарында ауыл, орман және балық шаруашылығы саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 29,4 млрд теңгеге жетт. Бұл 2022 жылғы қаңтармен салыстырғанда құндық мәнде бірден 36,3% көп (нақты көлемнің нақты өсімі – 33,7%), деп хабардайды finprom.kz.
Жалпы, 2022 жылдың 12 айында агроөнеркәсіп кешеніне инвестиция көлемі 853,5 млрд теңгені құрады, бұл 2021 жылғы қаңтар–желтоқсанмен салыстырғанда ақшалай түрде 10,4% артық* (нақты өсім – 6,7%).
Өңірлер бойынша 2023 жылдың қаңтарында ауыл, орман және балық шаруашылығы саласына салынған инвестицияның жартысы Солтүстік Қазақстан (9,8 млрд теңге) және Ақмола (5,1 млрд теңге) облыстарына ғана тиесілі болды.
Сондай-ақ Қостанай (3,8 млрд теңге), Павлодар (3,1 млрд теңге) және Алматы (2,8 млрд теңге) облыстарына да айтарлықтай инвестиция салынды.
Агроөнеркәсіптік кешенге құйылған инвестиция көлемінің барлығы дерлік өсімдік шаруашылығына, мал шаруашылығына, аңшылыққа және осы салалардағы қызмет көрсетуге тиесілі.
Оның ішінде маусымдық дақылдарды өсіруге 18 млрд теңге бөлінді – бір жыл бұрынғыдан ақшалай 32% көп (ФКИ – 129,5%). Одан кейінгі орында мал шаруашылығы: 8,9 млрд теңге, 2022 жылдың қаңтарымен салыстырғанда өсім – 36,6% (ФКИ – 134,1%).
Инвестицияның қомақты көлемі аралас ауыл шаруашылығына түсті: 2,3 млрд теңге.
2022 жылғы қаңтарда кәсіпорындардың меншікті қаражаты есебінен ауыл, орман және балық шаруашылығы саласына салынған инвестиция көлемі 21,8 млрд теңгені құрады. Банктік емес қарыздар 4,9 млрд теңгені, банк несиелері 2,7 млрд теңгені құрады.
АӨК саласындағы бір жұмысшының орташа айлық атаулы жалақысы ҚР-дағы барлық салалар арасындағы ең төменгі көрсеткіштердің бірі. Мәселен, 2022 жылғы қаңтар—желтоқсанда 189,1 мың теңгені құрады. Салыстыру үшін: жалпы ҚР бойынша осы кезеңдегі орташа жалақы 308 мың теңгеге жетті.
Бұл ретте ауыл шаруашылығы секторындағы жалақының сатып алу қабілеті 9,7%, ҚР бойынша орташа көрсеткіш 7,7% өсті.